Төскейде малы мыңғырған Моңғолия (Фото)  

Моңғолия туралы қысқаша мәлімет

Моңғол елі Азияның шығыс бөлігіне орналасқан тәуелсіз мемлекет. Жерінің көлемінің артқы бөлігі Ресеймен, алдыңғы бөлігі ҚХР-мен шекараласып жатыр. Елінің Астанасы — Улан-Батор қаласы. 2015 жылы Монголияның халық саны 3 миллионға жетіп, әлем халықтары санағы бойынша 135-орынға тұрақтаған. Жалпы моңғол ұлты халқының 95 пайызын құрайды. Мемлекеттік құжаттары монгол тілінде жүргізіледі. 1924 жылы жеке мемлекет құрған Моңғол елі 1961 жылдан БҰҰ -на мүше болып қабылданған. 20-шы ғасырда Кеңес одағымен саяси экономикалық жақсы қарым қатынаста болып, өзінің экономикалық қуатын жақсартып алған ел. 1990-жылдан нарықтық экономикаға бет бұрған. Бүгінде парламенттік басқару жүйесі қалыптасқан ел деуге болады. Жер көлемі ел Астанасынан бөлек 21 аймаққа бөлінеді. Өркендеп келе жатқан ел ретінде, жалпы ішкі өнімнің мөлшері 26.8 миллиард долларды құрап, бұл көрсеткішімен әлемде 111- орынға ие. Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы мықты дамыған көшпенді халық. Әлемнің 184 елімен дипломатиялық қарым-қатынас жасайды.

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f-%d0%bc%d3%99%d0%bb%d1%96%d0%bc%d0%b5%d1%82

3 миллион халықта 61 миллион 500 мың бас мал бар

Статикалық мәліметтер бойынша, Моңғолияның мал басы өткен 2016-жылы  61 миллион 500 мыңға жеткен. 2015- жылы 56 миллион 200 мың басты мал саналғандығын ескерсек, бұл көрсеткіш алдағы жылмен салыстырғанда мал басының 9,9 пайызға өскендігін көрсетеді. 2016- жылы жылқы алдыңғы жылмен салыстырғанда 330 мың басқа, ірі қара 290 мың басқа, түйе 30 мың басқа, қой 2 миллион 910 мың басқа, ешкі 1 миллион 970 мың басқа көбейген. Яғни 2016 — жылы жылқы — 3 миллион 634 мың 900 басқа, ірі қара — 4 миллион 80 мың 300 басқа, түйе — 4 миллион 100 мың 300 басқа, қой — 27 миллион 853 мың 400 басқа, ешкі — 25 миллион 572 мың 200 басқа жеткен. Моңғолияда 216,700  отбасы мал шаруашылығымен айналсады. Олардың 14,200 отбасы 10- нан жоғары, 19,900 отбасы 11-30 бас малды, 15500 отбас 31-50 басты малды, 29,300 отбасы 51-100 бас малды, 46,200 отбасы 101-200 бас мал ұстайды. Сондай-ақ, 1000-1500 малды 7000 отбасы, 1500-2000 малы бар 1000-нан астам отбасы, 2001- ден артық малы бар 500 -дей отбасы бар екендігі санақ бойынша анықталған екен. Моңғолия бүгінде Ресей, Қытай, Корея елдеріне ет өнімдерін экспорттайды.  Моңғолияда тек Ресейге ет экспорттайтын 10 компания жұмыс жасайды. Жылына 5 миллион басты мал экспорттауға мүмкіндігі бар Моңғол елі, жылына өзінің ішкі тұтынысына 200 мың тонна ет пайдаланады. 

Малының ерекшелігі мен өнімі жайлы талдап көрсек…

%d2%af%d1%88%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96%d1%81%d1%96

Моңғолияда — миллион 634 мың 900 бас жылқы бар

Моңғолдың малы құблмалы ауа райына бейімделген, әрі суыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Сондығынан бүкіл бес түлік малы жылдың төрт мезгілінде жайылымда болады.  Жылқысының орташа салмағы 360-380 кг, бордақылап жемдегендері 400 -ден астам кг, етінің тығыздығы 52-56 пайыз, хувь,  сапалылығы 2886-3000 ккал болады. Жылқыдан күніне 7.5 литр, жылына 1.0-1.2 миллион тн қымыз дайындайды.  Жылына 2.7 мың тн жылқы етін экспорттайды.

%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d2%9b%d1%8b

Моңғолияның сиыры — 4 миллион 80 мың 300 басқа жеткен

Моңғол тұқымды сиырының сауылу мерзімі 180 күн, сиыр сүтінің майлылығы 4.36 пайыз, жылына әр сиырдан орташа есеппен 750-800 литр сүт алынады. Жылына 66.9-113.6  мың тн сиыр етін өндіріп, оның 12.9-14.0 мың тоннасын экспорттайды.

      %d1%81%d0%b8%d1%8b%d1%80    %d1%81%d0%b8%d1%8b%d1%802

Моңғолияның қойы — 27 миллион 853 мың 400 басқа жетті

Моңғол қойының еті орташа  23.51кг, жаз мезгілінде 30-45 күн сауылып, әр қойдан 29.7 кг сvт алынады. Сүтінің майлылығы 6.35 пайызды құрайды.

%d2%9b%d0%be%d0%b9

Моңғолияда 25 миллион 572 мың 200 ешкі бар

Моңғол ешкісі жайылыммен еміруде жақсы көрсеткішке ие. Күзде серкелері 55-58 кг болса, ешкілерінің салмағы 37-41 келіге дейін тартады. Ешкілері 7 ай сауылып, әр ешкіден 50-60 литр сүт алынады. Сүтінің майлылығы 3.87 пайызды құрайды.

%d0%b5%d1%88%d0%ba%d1%96

Моңғолияның түйесі — 4 миллион 100 мың 300 басқа жетті

Моңғол түйесінің жүні, еті, сүті терісі әрдайым бағалы және көшпенді халық үшін таптырмайтын көлік құралы болып табылады. Моңғолияның жер көлемінің 41.7 пайызын иеленетін шөлейт аймағында Моңғолиядағы барлық түйенің 70 пайызы өсіріледі. Жалпы, Моңғолияның ауа райы қатал, құбылмалы ауа %d1%82%d2%af%d0%b9%d0%b5райлы өлкеге жатады. Қыс айларында ауаның орташа темпратурасы — 35-40 градусс, кейбір жылдары -44-50 градусқа дейін суық болады. Ал, жаз айларында шөлейт аймақтарында -40-45 градусқа дейін ыстық болса, басқа өлкелерінде -25-30 градусс, бик таулы өлкелерінде 15-20 градус ыстық болады. Міне, біз бүгінгі мақаламызда Моңғолия жайлы қысқаша дерекпен, оның мал шаруашылық саласы жайлы білгенімізше талдап әңгімеледік. Егер Моңғолия жайлы әр түрлі деректерден білуге ықыластарыңыз болып жатса, біз әңгімемізді ары қарай жалғастыруға дайынбыз!

…Енді Моңғолияның тамаша табиғатынан бірер көрністерді назарларыңызға ұсына отырып әңгімемізді аяқтауды жөн көрдік. Оқыңыздар, тамашалаңыздар, пікір білдіріңіздер! Қойған сұрақтарыңызға жауап беруге әзірміз, ағайын! Енді төмендегі Моңғолия табиғатының бірер суреттерін тамашалап көріңіздер!

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f15

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f13

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f7

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f16

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f14

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f12

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f11

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f9

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f10

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f8

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f6

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f5

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f3

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f4

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f2

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f1

БАҒДАЛ АҚЫНҰЛЫ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі