«Туған күнінде қайтыс болды»: Танымал тұлғалардың жұмбақ оқиғалары

Жер бетінде мәңгі өмір сүру мүмкін емес. Тумақ бар жерде, өлмек те бар. Ал бір күнде дүниеге келіп, дәл сол күні өмірден кеткен адамдар жайлы естіп пе едіңіз? Бұл кездейсоқтық па, әлде мистика ма? Осы сұрақтарға Bugin.kz тілшісі жауап іздеп көрді.

Негізі мұндай жағдай болуы мүмкін емес көрінуі мүмкін. Көп жағдайда адамдар туған күн датасына дейін не одан кейін қайтыс болып жатады. Мысалы рок әншісі Дэвид Боуи, романист Джеймс Фенимор Купер, футболшы Эдуард Стрельцов, жазушы Александр Куприн, актер Николай Губенко секілді белгілі жандар төл мерекесіне дейін не одан кейін өмірден өткен. Ал енді бір күнде туып, сол датада қайтыс болған жандарға тоқталайық.

Татьяна Самойлова — 4 мамыр (1934-2014 ж.ж.)


Фото: Wday.ru

Кеңес одағының танымал актрисасы Татьянаның жүрегі ауыратын еді. Оның ғұмыры қызық пен қиындыққа толы болды. Алғашқы махаббаты, алғашқы жұбайы Василий Ланов еді. Егіздерді күтіп жүргенде, жүктілігін тоқтатып тастады. Одан кейін екі рет тұрмысқа шыққанымен, Лановты аңсап өтті.

Ол Кеңес киносының ең әдемі әйелдерінің бірі болды. Сондай-ақ оның портретін Пабло Пикассоның өзі салды. Өкінішке қарай «Тырналар ұшады» және «Анна Каренина» картиналарынан кейінгі дүниежүзілік даңқ оған бақыт пен материалды түрде әл-ауқат әкелмеді. Актриса соңғы жылдарында кедей тұрмыс кешті. Сонымен қатар есте сақтау қабілеті де нашар еді. Оған жұбаныш болған Америкада дәрігер болып қызмет атқаратын Дмитрий ұлы еді.

Кино аңызы 80 жылдық мерейтойында бақилық болды.

Ингрид Бергман 29 тамыз (1915-1982 ж.ж.)


Фото: Wday.ru

Ингридтің ата-анасы кішкентай кезінде қайтыс болды. Өмір бойы өзін жақын адамдарына бақытсыздық әкелемін деп ойлайтын. Дәрігер Питер Линдстром оған жас кезінде ұсыныс жасаған кезде одан: «Сіз менен қорықпайсыз ба? Менің махаббатым өлім шақырады»,- деді. Ол қорықпайтынын айтып,  екеуі үйленіп, балалы болды. Жеті жылдан кейін әйгілі актриса итальяндық кинорежиссер Роберто Росселлиниге жасырын түрде ғашық болды. Ол Ингридтің туған күнінде, яғни 29 тамызда кездейсоқ іскерлік кездесуге шақырады. Актриса мұны белгі ретінде қабылдайды. Бірнеше жылдан кейін отбасын тастап, режиссермен қосылады. Ол жеті рет «Оскар» номинациясын иеленді және осы мүсіншені үш рет алды.

Ингрид 29 тамызда кешкі жетіде сүт безі қатерлі ісігінен қайтыс болды.

Бетти Фридан – 4 ақпан (1921–2006 ж.ж.)


Фото: Wday.ru

Америкадағы феминизмнің жетекшісі әйелдердің азаттық қозғалысын бастаған «Әйел мистикасы немесе әйелге тән жұмбақ» кітабын шығарды. Ол жазбасында қыз-келіншектердің қаржы, психика, физика және интеллектуал тұрғысынан ер адамдарға бағыну арқылы қаншалықты бақытсыз екенін сипаттады. Беттидің ойынша, «нәзіктік» ұғымын ер адамдар әйелдер ана мен үй шаруасындағы рөлін ақтап, өздерін дамытпас үшін ойлап тапқан. Өмірінің соңына дейін ол әйелдер құқығы үшін күрескен.

Бір қызығы, оның жеке өмірінде ешқандай мистика болған жоқ: Бетти 20 жылдан аса тұрмыста болып, үш бала туды. Ол 85 жасқа толған күні жүрек талмасынан қайтыс болды.

Уильям Шекспир – 23 сәуір (1564–1616 ж.ж.)

 

Фото: Wday.ru

Шекспирдің туғаннан бастап өмірден өткенге дейін тағдыры әлі күнге дейін жұмбақ болып келеді. Оның үстіне, ақынның өмірбаяны жайлы ақпарат өте аз.

Ол провинцияда дүниеге келеді және оның қандай да бір білім алғаны туралы ешқандай дерек жоқ. 18 жасында ол өзінен 8 жас үлкен қызға үйленіп, үш баланы тәрбиелеп өсірді. Содан кейін неге ол отбасын тастап, Лондонға кетті деген сауал туындайды. Неліктен жақсы атақ-даңққа жеткен кезде актер болып кетіп, әрі қарай пьесалар жазуды тоқтатты? Неге оның әйгілі «Король Лир», «Ромео мен Джульетта», «Отелло» және «Гамлет» атты қолжазбалары сақталмады?

«Шекспир» деген бүркеншік аттың артында бір топ жазушы жасырынған деген теория бар. Яғни Шекспирдің өзі ғана емес, оның бірнеше нұсқасы болған деседі. Туған күнінде қайтыс болған ол қабірінің жанына тылсым дүние қалдырған еді. Уильям өзінің мүрдесі өзгелерді алаңдатуы мүмкін деп ойлады. Құлпытасына «досым, Құдай үшін, бұл жер саған қалдық төгетін жер емес. Қолының ұшын тигізбеген адам өмір бойы бақытты болады. Ал тиіскендер қарғысыма қалады» деп жазып кеткен. Алайда ақын өлімінен кейін бәрібір құлпытасына өзгенің қолы тиіп, оның тынышын алды.

 

Дереккөз: Wday.ru