Туған жер

Туған жер, ыстық мекен, мен сендікпін,

Балаңды бауырыңа алып сен, сергіттің!

Алыс-алыс сапардан оралғанда,

Алдымнан құшақ жая тек сен күттің!

 

Туған жер, байтақ өлке, алып далам,

Әрқашан қиялымда қалықтаған!

Сен мені бір сәт естен шығарсаңда,

Өзіңді ұмытпасым анық маған!

 

Сен куәсің тарихқа, ғасырларға,

Мекенім, сенен өткен асыл бар ма?

Жанымызға саясың қасиеттім,

Сәуле боп шуақ нұрың шашылғанда!

 

Сен барда, ойымда бар сенімді арман,

Өзіңе арда туған ерім қорған,

Төсіңде әкем өскен бозбала боп,

Төсіңде анам алғаш келін болған!

 

Сен менің тірегімсің, атамекен,

Әр ісімді ұқыпты, сапалы етем!

Өзіңде туғаныма мақтанамын,

Оның өзі қол жетпес атақ екен!..

 

Фариза Кикабай

Асанбай Асқаров атындағы ЖОББМГ-ның

10-сынып білім алушысы