Туған жерге тарту
Халық аузында Көсегенің Көк Жоны деп аталып кеткен Түркістан ауылдық округінің орталығы Әшір Бүркітбаев ауылында түнгі жарықшам орнатылмаған С.Бекпенбетов көшесі қалған еді. С.Бекпенбетов көшесі ауылдық округтің орталығы Әшір Бүркітбаев ауылының дәл ортасындағы «АҚМОЛДА СҮЛГЕТАЙ» мешіті орналасқан көше. «Жомарт жүрек» бағдарламасы бойынша округ әкімі Ахан Шортанбаев ауылдан шыққан бірнеше кәсіпкер азаматтармен түнгі жарықшамдар орнатып беруге сөйлескен болатын. Осы «бітер істің басыңа, жақсы келер қасына» деп халық даналығы айтқандай, жерлесіміз ауылдан шыққан кәсіпкер, меценат азамат Д.Жылқыбаев осы игі істі жасатып берді. Демеуші азамат 1 млн. теңге қаржы беріп ауылдың жарқырап тұруын мол үлесін қосты.
Туған ауылына жарқыраған көше жарығын орнаттырып берген ұлдарының демеушілігіне ауылдастары мен ата-әжелерінің қуанышы мен ризашылығы шексіз…
Жанысбек Байысбекұлы Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылының тұрғыны