Туған жерді бір көріп өлсек,арман жоқ…
1885 жылы Әулие-Ата уезі құрылды. Меркі (волостной-кіші әкімшілік басқару аумағы) бөлімше орталығы болды.
1905 жылы Әулие-ата уезі Аспара болысына қарасты Мықанды өзені бойындағы Өмірбек ауылында Байғанаев Иманбайдың әулетінде шекесі торсықтай тұңғышы дүниеге келді. Ағайын-туыстардың қуаныштарында шек жоқ. Иманбайдың інісі Байғоныс лезде таудан қой әкеліп, сойып шілдехана тойын жасап та жіберді. Ағайын-туыс шілдехана үстінде азан шақырып ұлдың атын Бекмырза деп қойды.Доп домалақ бала 5 жасқа толғанда атасы Иманбай мен анасы Әлтайға қолғабыс болды. Еңбекке араласты. Балалығына қарамастан қозы-лағын Мықанды өзені бойында жайып , әкесі шапқан шөпті баулап, жинап көмек береді. Әрі Бекей ерте есейеді. Өз қатарластыранан ойы биік болып , озық болып, ақылды болып өседі.
Баласыныың бойындағы ізгілік қасиеттерді ерте байқаған анасы- Әлтай,Алладан баласына жақсылық тілеумен болды. «Бекейімді тіл – көзден сақтасын , үлкен азамат болады» деп іштей Алладан Бекейінің тілеуін тілейтін…
1915 жылы бала Бекей Мықанды бойында қой жайып жүргенде жанына әсем киінген,көзілдірікті, қияқтай мұрты бар, қолында таяғы бар кісі келіп:-Қай баласың, кімнің баласысың, атың кім- деген сияқты сұрақтар қояды.
-Аға, елім Өмірбек, әкемнің аты Иманбай, анамның аты Әлтай, өзімнің азан шақырып қойған атым Бекмырза, Әкем мен шешем, туған туыстарымыз бәрі еркелетіп Бекей деп атайды, жасым 10 да — дейді.
Баланың сөз саптауы, ойын анық жеткізетіндігі мен алғырлығын байқаған Тұрар:-Бекей, оқығың келе ме?-деп сұрайды.
Бекей: Оқығым келеді, сеніміңізді ақтаймын, аға -дейді. Ертесіне Тұрар Бекейді ертіп Меркі базарына әкелді. Меркі базары екі бөліктен тұратын еді. Бір жағы сарт базар да екінші жағы орыс базар. Орыс базардан Бекейге шалбар көйлек әперіп , орыс дәмханасынан тамақтандырады. Ол кезде Меркіде екі орыс-қазақ мектебі болатын. Мықандыға жақын жердегі Чалдовардағы орыс-қазақ мектебіне бала Бекейді орналастырады. Тұрар Бекейге үлкен әсер етіп баланың оқуға, өмірге деген құлшынысы артады. Бекейдің оқуын өзі келіп тесксеріп , сұрастырып қадағалап тұрады. Бекейдің өміріндегі жарық жұлдызы Тұрар болды. Тұрарға еліктеді. Екеуінің арасында Тұрардың ініге деген, інінің ағаға деген сыйластығы арта берді. Оқуын бітіргеннен кейін Бекей Меркіде заготовитель болып істеді. Ары қарайғы өмірінің бәрі Тұрармен тығыз байланыста болды. Ол туралы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романының 3 кітабында толық жазылған.
Үсіп Сатыбалдинов: « Тұрармен 1910 жылға дейін осы мектепте білім алғандардың қатарында Қабылбек Сарымолдаев, Қалыш Ходжабергенов, Мақсұт Жылысбаев, Тұрдалы Тоқбаев, Рахманқұл Орынтаев, Сәдуақас Жамансартов және басқалардың болғаны айтылады. Бұл азаматтардың барлығы да Тұрардың сенімді серіктері, қиын-қыстау кезінде арқа сүйер достары болып, берісі Әулиеата, арысы еліміздің аумағында қазақ халқының жарқын болашағы үшін жан аямай еңбек етті» деп жазады. Бекей жоғарыдағы аты аталған Тұрардың сенімді серіктерімен тығыз араласты — бірге болды.
1924-1926 жылдары Тұрар Коминтерннің Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып істейді.
1926-1937 жылдың шілдесіне дейін Тұрар РСФСР ҰКК төрағасының орынбасары болып істеді.
1926 жылдан бастап Бекей Тұрардың қолында болды,Мәскеуде тұрды, оқыды.
Бекей Москвадағы КУТВ –ға (Коммунистический университет трудящихся Востока имени Сталина) түсіп оның астирантурасын Қызыл профессураны бітірді. Бұл жерде Бекей совет, партия және мемлекет қайраткері, тарихшы, ССР ғылым академиясының корр. мүшесі (1946), Соц. Еңбек Ері (1969). Пельше Арвид Яновичпен бірге оқыды..Москвада оқыған кездерін еске алып, өзінің Мосвада оқытқан ұстаздары мен курстарстары жайлы айтып отырушы еді.КУТВ да Бекейге сабақ берген ұстаздары: А.В.Луначарский,Л.Б.Красин,М.П Покровский т.б.
Бірге оқыған курстастары: Вьетнам мемлекет қайраткері -Хо Ши Мин
Қарақалпақстанның партия, мемлекет қайраткері- Алаяр Досназаров.
Қытай революционері,ақын, жазушы –публицист, Қытай «Интернационалының » текстін жазған қайраткер- Сео-Сан т.б
1931 ж. Мәскеудің Қызыл профессура институтын Москвадағы оқуын тамамдап Алматыға келіп Алматы облыстық партия
комитетінің ұйымдастыру -партиялық бөлімінің меңгерушісі , Кегенде саяси бөлімнің басшысы,Шелек аудандық партиякомитетінің бірінші
хатшысы, болып қызмет істейді.
Репрессия — [лат. repressio — басып-жаншу] — бүтіндей жою деген мағына береді.Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков , меркілік Қарабай Әділбеков т.б. болды.
Репрессияның екінші толқыны 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Қазақтың көзі ашық азаматтарын “халық жауы” деп жаппай қамауға алған 1937 жылдың зобалаңында 116 мың 685 коммунист атылып кеткен екен. Ал ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылып, Сібірге жер айдалып кеткендердің көбінің сүйегі жат жерде қалғаны белгілі.
Әңгімемізге қайта оралайық. Осы зобалаң кезінде Байғанаев Бекейде репрессияға ұшырап , 1938 жылы қамауға алынады. Бекейдің ендігі өмірі жайлы жазушы Балғабек Қыдырбекұлының «Алатау» роман-диптихының 893 бетінде жазылған., Сол жазбаны еш өзгеріссіз жазып отырмын. Бұл жерден әңгімеміздің бас кейіпкері Бекейдің басынан өткен қиын-қыстау күндері арқылы — жан дүниесін, адами қалпын ,қайтпас беріктігін, өмірге деген сенімін жоғалтпаған айбынды- қайсар адам екендігін танитын боламыз. «Алатау» кітабындағы басты кейіпкер Абақ Үйсінбаев. Үйсінбаевтың басынан кешкен өмірі.
«Екі ұлдан да хат келіп тұрғанын жазады. Қырық төртінші жылдың марты болып, енді жеңіс болатынына үміттене бастаған кезіміз. Енді бір аптадан кейін госпитальдан шығатын болған соң хат жазып, почтаға салуға шығып бара жатсам біреу:
-Абақ! – дейді. Таңданып қалдым. Таңертегі шақ болатын. Бұл жақта мартта қардың мұрты бұзылмайды екен. Күн әлі шыту сұр шинельдің ішінде жұрттың бәрі бірдей . Атымды атаған адамды таный алмай барып, зорға байқадым. Доп-домалақ қазақ отыз сегізінші жылы бірге сотталған. Өзім сияқты халық жауы болып айыпталып , жиырма жылды арқалаған Бекей Байғанаев. Сол ма , сол емес пе деп абайлап қарадым. Танымауымның себебі де бар еді. Өйткені оң жақ шекесі көзімен қоса байлап – матап тасталған. Кәдімгі Шелекте аупартком хатшысы болатын Бекей.
— Мен жалғыз көзіммен танығанда екі көзі бар сен неге танымайсың? – дейді ол маған. Шырағым, адамның бар нұры , өзгешелігі ең алдымен көз арқылы айырылады. Егер екі шырағынды жауып қойса онда адамды тануың мүлде қиындайды. Екеуміз шұрқырасып көрістік . Оның соғысқа қалай келгенін , қайда болғанын сұрайын .
— Түрме азабын , одан кейінгі азар – теперішті сен де аз көрмеген шығарсың, — деді ол. – Оның бәрі басыңнан өткен , оны айтып қайтемін. Алғаш Свердлов маңында , одан Магнитогорскіде заводта, одан Тайгада жүрдім.Көрмеген қорлық естімеген сөз жоқ . Жігіт адамбыз ғой оны қойшы . Басқа түскеннің бәрін көрдік. Өткен күзде соғыста барғысы келетін адам бар ма деп сұрады, бізден. Мен барамын деп тілендім. Содан Волга бойында Қамышевода біраз күн соғыс өнерін үйреткен болды да , соғысқа әкелді . Соғысып мәз таптырмадым, үш-ақ күн майданда болдым . Міне мына оң көзімнен оқ тиді де, осы госпитальға әкелді. Үй ішімнен , бала-шағадан бейхабармын. Соғыста да артымда адам жүргенін байқамаймын. Соғысып қанымды төксем де бақылаудан құтылатын түрім жоқ . Хат жазайын десем қайда жазарымды білмеймін . Олар орнында жоқ. Бәрін қаңғыртып-тентіретіп жіберсе керек.
Бекей онша жасымады . Азамат-ақ еді . « Егер енді жіберсе де бала – шағаны, елді бір көріп өлсек армансыз болар едім»,-деді Бекей. Мен де өзімнің көзтүрткі, күйкі халімнен хабар бердім . Госпитальда көрісіп тұрармыз деп ойладық. Жоқ, Бекей ертесіне-ақ бұл төңіректе болмай шықты . Ол жатқан жердегі медицина медбилерінен білсем оны қайта ұстап, госпитальдан алып кетті…
Бекеймен сөйлескеннен кейінгі күні – ақ мені арнаулы бөлімге шақырды . Қайда жүрдің, қайда тұрдың, Байғанаевті қайдан танисың? Ол не деді, сен не айттың, әңгіме не туралы болады? Міне, содан кейінгі жеті күннің бәрі осылай өтті. Жасыратын несі бар еді, екеуміздің бірге сотталғанымызды Жандосовпен жақын болғанымыз үшін кеткенімізді, екеуміздің де халық жауы ретінде, колхоз құрылысын құртпақ «болғанымыз» үшін айыпталғанымды айттым. Ақыры Отаны үшін қаны төккен ,Сібір тайгасынан соғысқа еркімен сұранып келген Байғанаевпен сөйлескенім бұдан кейінгі өміріме қызыл жүндей, қыпқызыл пәле болып жабысты . Оның салдарын көп ұзамай-ақ көрдім» — Абақ Үйсінбаевтың әңгімесінен.
Қуған-сүргіннің, соғыстың ащы дәмін татқан, өмірдің ауыр тауқіметін бастан кешірген Бекей елге оралады. Жабылған жалған жала «халық жауы » қыр соңынан қалмады. Меркіде өзімен М әскеуде бірге оқыған,сыйласқан , араласқан танысы аудандық атқару комитетінің төрағасы екен.Аты Байгөбеков Сапар. Білімді , дүние танымы кең, адамдық қасиеті мол, елім деп жан аямай қызмет еткен жан екен. Соғыстан кейінгі жылдардағы ауданның әлеуметтік жағы да экономикалық жағы да өте ауыр еді. Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. Сапардың әділдігі мен талапшылдығы ауданның кейбір шенеуіктеріне ұнамады. Сырттай білдірмегенмен іштей қарсылық танытып жүрді. Айдауды көріп, соғысты көріп азып-тозып келген Бекейге Сапар үй соғуға қол ұшын бермек болады. . Әзер шыдап жүрген жауларына таптырмайтын тақырып болды. Халық жауы Байғанаевқа Сапар Байгөбеков тұрғын үй соғып берді деп домалақ арызды жоғары жаққа жазумен болды . Ат үстінен түспей, бүлдіргенді бүтіндеп,қисайғанды түзеген басшыны қаралып оны кетуге мәжбүр етті.Арызқойлар дегеніне жетті.Байгөбеков Сапар елден кетті. Көп ұзамай сағынып келген елі мен жұртынан Бекей де Алматы жаққа көшіп кетті.
Алматы қаласында «Түркістан» қонақ үйінің директоры, Қаладағы үлкен ет-сүт магазинінің директоры қызметтерінде істеді. Елі құрметтеген ақсақал дәрежесіне жетті. Үйі қонақтан босамайтын. Қазақтың дарынды ұлы дирижер, дәулескер орындаушы, композитор Тілендиев, Түркістан Өзбеков, Олжас Сүлейменов, Асанбай Асқаров т.б партия, өнер қайраткерлерімен етене жақын араласып тұратын.
«Халық жауы» делiнiп сотталып, түрмеде отырып оралған Бекей Байғанаев орысы, қазағы, татары бар, ескi коммунистерге қол қойғызып, Қазақстан Компартиясы орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы Д. А. Қонаевтың атына Тұрар Рысқұловқа лайықты баға берiлуi жөнiнде хат жазады. Содан партия тарихы институтының директоры Серiкбай Бейсембайұлы Бейсембаев, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетiнiң идеология жөнiндегi хатшысы Саттар Нұрмашұлы Имашев, Алматы облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Асанбай Асқаров үшеуiнен комиссия құрылып, Тұрардың өмiрiн, қайраткерлiк қызметiн зерттеу мәселесi қолға алынды, тиісті бағасы да берілді.
1984 жылы Тұрар Рысқұловтың 90 жылдығы Алматы, Ташкент және Баку қалаларында кеңінен аталып өтті.
Сібірдің шұнақ аязында итке таланып, тізеден омбылап қар кешіп, тепкі көрген, жаудың оғына кеудесін аяусыз тосқан, тағдыр жазып елге аман оралған –Бекей Бағанаевтың артында Марлен,Көпбас,Шолпан,Алма, Әзиза, Света атты ұрпақары қалды.
1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды.
Ұрпақтары жылда 31 мамыр күні Байғанаев Бекей Иманбайұлын еске алып құран бағыштайды.
Рухы биік халықтың іргесі берік, әлеуеті де қуатты, ынтымағы жарасты болмақ. Сондықтан, бар ғұмырларын елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі жолына арнап, сол жолда құрбан болған арыстарымыздың өнегелі асыл істерін ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек.
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері-Шабден Омаралиев.
Мен Тұрардың алғашқы қойған мұртының қияқтай екенін жаздым. Кейінгі суреттердегі мұрты «щеточка» деп аталады,қазақша атуын білмедім.
Усы «щеточкой»
Данный тип был особо популярным Европой, Америкой, начиная с 19 века. Отметим, что во время Второй Мировой войны такую «щетку» носил Адольф Гитлер. Затем их стали реже применять.