ТҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Түйе, жалпы алғанда қос өркешті, жалғыз (бір) өркешті болып екі түрге айрылады. Қазақтардың сөйлеу ерекшелігіне қарай екі өркешті түйеге «Айыр өркеш түйе, айыр түйе» дейді. Бұл екі өркешті түйелер, өркештерінің арасының кендігі, өркештерінің биіктігі, аласалығы тұрғысынан үш түрге бөлінеді:
1– <Таза айыр> делінген түйе түрі: Екі таза айырдан немесе айыр мен қоспақ делінген түйе түрінің жұптасуынан туады. Бұл сияқты таза айыр түйе түрі көрікті, денелі, сондай-ақ өте күшті болады.
2– <Қоспақ> деп аталатын түйе түрінің
өркештерінің түп жағы жатық болып, ұш
жағы (V) түрінде болады. Бұндай түйе жалғыз өркештімен қос өркештінің
жұптасуынан туады.
3– <Мырза қоспақ> немесе <Жон>,
<Жонбай> делінген түрге келсек, бұл түр
түйенің екі өркешінің мейлінше алшақ болып, ұш жағы домалақ болады. Бұндай түйе қос өркеш бура мен бір туған — деп аталатын інгеңнің жұптасуынан туады.
Жалғыз өркешті түйе түрінің бурасын <Лөк> денілумен қатар кей жерлерде <Нар> деп атайды да, ұрғашысына <Аруана>делінеді. Асыл тұқымды аруана қаны таза өте сүтті болады. Лөк бурамен таза айыр іңгеннен туады. Жалпы түрде <Нар> делінумен қатар <Бір тума> немесе <Бір туған> деп те аталады.<Бір туған> нар өте жақсы көріледі. Керемет күшті де төзімді болады. <Қабырғасы қайыспайтын қара нар>, <Нар жолында жүк қалмайды> деген мақалдар бар. <Мая> немесе <Желмая> деп аталатын жүйрік түйе міне осылар болып табылады.
Таза айыр бура мен аруанадан туса,
<Бір туған>,
әдеттегі қос өркешті бура мен бір туған іңгеннен туса, <Мырза қоспақ> делінеді.
Бір туған нар бурамен әдеттегі екі өркешті іңгеннен туса, егер бір өркешті болса, <Бір туған>, ал егер екі өркешті болса, <Жампоз> делінеді.
Бірде лөк бура мен нар іңгеннен туса <Қылағай> деп аталады.
Осылайша «Таза айыр», «Қоспақ», «Мырза қоспақ», «Жон-Жонбай», «Біртуған не Біртума», «Нар», «Лөк», «Аруана»,«Мая»,«Желмая» және «Қылағай» деп аталатын түйе түрлері де бар.
Халифа Алтай «Анажұрттан Анадолыға Дейін»
Түркия Мәдениет Министрлігі
Анкара 1981, 1998
Түрік тілінен аударған:
Еркегүл Арыққара қызы