ТҰЛҒАЛАР ТАРИХЫНАН…

Президент болғаннан кейін мен күзетшілерімнен қаланы аралап шығуды өтіндім.

Серуеннен соң орталық мейрамханалардың біріне түстенуге бардық.
Даяшы бізден қандай ас қалайтынымызды сұрады.

Аздаған уақыттан соң даяшы
асымызды әкелді.
Бір кезде мен алдымыздағы үстелде бір адамның тапсырыс беруді күтіп отырғанын байқадым.

Оған қызмет көрсетіле бастағанда сарбаздарымның біріне әлгі адамнан бізбен бірге отыруын сұрауды тапсырдым. Сарбаз барып менің шақыруымды жеткізді.

Ер адам орнынан тұрып тәрелкесін қолына алып, жаныма келіп отырды.
Ас үстінде қолдары тоқтаусыз дірілдеумен болды.

Тіпті басын астан көтермеді. Тамақтанып болғаннан кейін ол маған қарамаған күйі қолын бұлғады. Ал, мен оның қолынан алып, кетіп қалдым.

Сарбазым маған:
— Мадиба, бұл адамның ауруы тым қатты болуы керек, тамақтанған кезде қолы дірілдеумен болды ғой деді.

— Тіпті де олай емес! Оның дірілінің себебі басқа!
Сарбаздар маған таңырқай қарады.
— Бұл адам мен қамалған түрменің күзетшісі. Мені жиі азаптайтын. Азаптан соң мен айқайлап су сұрайтынмын.

Ол мені қорлауға келетін,
бетіме мысқылдай қарап,
су ұсынудың орнына, басыма дәрет сындырып кетуші еді.

Ол ауру емес еді.
Ол қорыққандықтан қалтырады.

Мүмкін, мен қазір Оңтүстік Африка Республикасының Президентімін, сол себепті де оның маған істегенін өзіне қайталайды, азаптайды, қорлайды деп қорыққан болар.

Алайда, бұл мен емес.
Бұндай мінез-құлық менің мінезімнің не этикамның бөлшегі емес.

КЕК АЛУДЫ ІЗДЕЙТІН АҚЫЛ-ОЙ МЕМЛЕКЕТТЕРДІ БҰЗАДЫ,
АЛ, ТАТУЛЫҚТЫ ІЗДЕЙТІНДЕР ҰЛТ ҚҰРАДЫ.

Нельсон Манделла.
Аударған: Айгүл Сағымбай.