ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ КЕЛІП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ


Әдістемелік күннің мақсаты – педагогикалық менеджмент, педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту және білім беруді цифрландыру арқылы білім сапасын арттырудың негізгі аспектілерін қарастыру. Сонымен бірге талдау, әр пән бойынша білім сапасын арттыруда жүйелі жұмыс жүргізу, әдістемелік көмек беру көзделген.
Әдістемелік күнге 400-ге жуық педагог қатысты. Шебер сыныптар, оқыту, ақпараттық семинарлар, тренингтер, тәжірибе сағаттары, коучингтер және жеке кеңестер жүргізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі