ТҮЛКІБАСТА АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

✔️8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Түлкібас ауданында алтын құрсақты аналармен кездесу ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінде «Әйел-әлемді жүрегімен әлдилеген» атты мерекелік шара өтті.
✔️Игі шараға аудан әкімі Асқар Естібаев қатысып, нәзік жандыларды мерекемен құттықтады. Көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыстап, түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен жандарды алғыс хаттармен марапаттады.
✔️Құттықтау кешіне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек, аудандық Мәслихаттың төрағасының міндетін уақытша атқарушы Е.Құлжабаев және «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жүнісов қатысып, нәзікжандыларға ізгі тілегін арнап, айтулы мерекемен құттықтады.
✔️Мерекелік жиында «Шымкент концерт» ұжымы мен ауданның майталмандары өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айналды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі