«Тұмар» телевизиялық бәйгесі туралы білесіз бе?
Ертең «Тұмар» I Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысу бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.
Бәйгені Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазмедиа орталығы» ұйымдастырып отыр. Мақсаты – еліміздің ең сапалы және өзекті өнімін анықтау арқылы қазақстандық сапалы телевидениені дамыту, ілгері жылжыту, телевизиялық өнім жасаушы таланты кәсіби мамандарды қолдау.
Бәйгеге 2016 жылы эфирге шыққан телевизиялық айрықша жобалар қатысады. Телевизиялық өнім жасап отырған ұлттық және аймақтық телекомпаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар және басқа да медиа өндіріс ұйымдары үміткер ретінде қатысу үшін 24.02.2017 дейін өтініш жолдайды.
«Тұмар» статуэткасы 12 аталым бойынша беріледі:
Үздік деректі кино; Үздік әлеуметтік жоба; Үздік ақпараттық бағдарлама;
Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама; Үздік музыкалық бағдарлама; Үздік ток-шоу;
Үздік телевизиялық сериал; Үздік әзіл-ысқақ бағдарламасы; Телевизиялық маусымның үздік жобасы;
Телевидениенің дамуына үлес қосқаны үшін; Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама;
Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама.
Қазылар алқасы жолданған материалдарды сараптап, қарап шығып, жасырын дауыс беру арқылы лауреаттарды анықтайды. Қазылар алқасы қазақстандық телевидениенің ең кәсіби мамандарынан жасақталады.
Қосымша ақпарат ресми сайтта: www.tumar.kz,
call center +7(7172) 55-36-36,
электрондық мекен-жай info@tumar.kz