Тұңғыш ислам ғылымы докторы – Қайрат Құрманбаев

Өзінің Facebook парақшасында «Нұр-Мүбарак бұдан он бес жыл бұрын егілген мәуе ағашы еді…» деп жазған белгілі дінтанушы Мұхиддин Исаұлы аталмыш ислам университетінің қазір жапырағы жайылған, мүйізі қарағайдай білім ордасы екенін меңзесе керек-ті.

Оған дәлел – күні кеше ғана Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының сүйінші хабары. «Muftyat.kz» сайтының мәліметіне сүйенсек, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы» 2016 жылғы 4 сәуір № 327 бұйрығымен  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы Қайрат Құрманбаевқа философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. Бұл – елімізде жаңадан өрісін кеңге жайған исламтану ғылымы бойынша берілген алғашқы ғылыми дәреже. Қайрат Құрманбаев пен Алмасбек Шағырбаев – аталмыш университеттің доктарантура бөлімінің алғашқы түлектері. Бірі исламтану, екіншісі дінтану бойынша диссертациялық зерттеулерін сәтті қорғап, философия докторы (PhD) атанды.

«ЕлАна»