Тұрар Рысқұлов ауданында 3 спорттық сауықтыру кешені және 1 мәдениет үйі бой көтеруде
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев спорт саласын дамытуға басты назар аударғаны белгілі. Бүгінде осы мақсатта жаңа нысандар қатары да көбеюде. Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданына қарасты Ақыртөбе, Р.Сәбденов және Көгершін ауылдарында спорттық сауықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары басталды. 3 нысанның да құрылыс жұмыстары “Ауыл — ел бесігі” жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі болып табылады.
✅Сонымен қатар, Көгершін елдімекенінде “Ауыл — ел бесігі” мемлекеттік жобасы аясында салынып жатқан 90 орындықты мәдениет үйі келесі жылы ауыл тұрғындарының игілігіне беріледі деп күтілуде.
Жалпы Т.Рысқұлов аудан бойынша барлығы 179 спорт нысаны бар. Оның ішінде, 2 спорт кешені, 1 стадион, 101 спорт алаңшасы, 21 футбол алаңы, 47 спорт зал және 5 басқада спорт нысандары.
☑️Аталған спорт нысандарының барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді және ақысыз болып табылады.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі