Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы қарсаңында
Тұрар – мәңгілік тұлға
(Сәті түскен сыр-сұхбат)
Үстіміздегі жылдың 26 желтоқсанында халқымыздың біртуар перзенті Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толады. Осыған орай, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ардагер журналист Тұрсынхан Жаманбаев пен Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Айымжан Сәлімжанқызының сәті түскен сыр-сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Сұрақ:Сәлеметсіз бе, Тұрсынхан аға? Денсаулығыңыз қалай?
Жауап: Жақсы, айналайын Айымжан. Кітапханаға бір мезгіл бас сұғып тұрмасам, дүнием түгел еместей болып тұрады.
Сұрақ:Жақсы қасиет екен. Тұрсынхан аға, биыл Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы. Сіз Тұрарды біршама зерттедіңіз. Мақалалар да жаздыңыз. Кітап та құрастырдыңыз.Осыған орай, сізбен ерекше бір сыр-сұхбат жасасақ деген ойым бар.Бұған қалай қарайсыз?
Жауап:Жарайды, айналайын. Сұрағыңды қоя бер.
Сұрақ:Ойымда жүрген бірінші сұрағым, біздің кітапханадағы оқырмандар жиі іздейтін шығармаңыз туралы. Кітабыңыздың атын «Тұрар – мәңгілік тұлға» деп қойыпсыз. Мұндай асқақ ой сізге қайдан келді деп сұрағым келіп отыр?
Жауап.Асқақ ой асылдарымыздың тау тұлғалы биік бейнелерінен туындайтыны белгілі. Ел рухының асқақтығын өмірден өткен ipi тұлғалардың танытатындығы ықылым заманнан белгілі. Төрткүл дуниеге мәшhүр аяулы ұлдары мен айбынды перзенттері көп елдін еңсесі әрдайым биік, рухы асқақ. Егер тарих тұңғиығына көз жіберетін болсақ ұланбайтақ қазақ даласын найзаның ұшымен, білектің күшімен, аттың жалында, түйенің қомында жүріп қорғап қалған біртуар арыстарымыздың есімдерін жадымызға түйгендей боламыз. Шүкіршілік, қазақ топырағы елім деп туған көсемдер мен шешендерден, ақындар мен батырлардан, ел мәртебесін аспандатар тума таланттардан, халқының болашағы жолында аянбай тер теккен асыл азаматтардан әсте кенде емес. Алты алаштың басын біріктірген Абылай хан да, елін ынтымақ пен бірлікте ұстаған үш абыз — Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер де, ұлтының көзін ашып, көкірегін оятуды аңсап өткен Ұлы Абай да,халқы үшін мерт болған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулат та, кешегі Сәкен мен Ілияс, Бейімбет те, кемеңгер Мұхтар мен ойшылFабит те, жұлдыздай ағып өткен Шоқан да, жауына қырғидай тиген Ep Баукен — Бауыржан Момышұлы да, халқының ардақтысы,acқap тауы атанған Димекең — Дінұхамед Ахметұлы Қонаев та осы сайын даланың перзенттері, киелі де касиетті казақ топырағына кіндік қаны тамған аяулы азаматтар, біртуар перзенттер.
Алайда, кешегі тоталитарлык режим үстем құрып тұрған кезде біз асылдарымыздыңесімдерін айқайлап айта алмай, ардақтыларымызды кең әлемге паш ете алмай бұйығы күй кешіп, тіліміздің құрсаудай байланып келгені ешкімге жасырын емес.Иа,ащы. Ащы да болса шындық.
Ендігі жерде Егемендіктің, елдіктің, тауелсіздіктің арқасында ешкімге жалтақтамай, өгейліктің күйін кешпей өз бетімізше, өз калауымызша асылдарымызды кадірлеп, кастерлей алатын дәрежедеге жеттік. Осындай елім деп туған ерлердің бірі, әpiбірегейі, барша туркі жұртының басын біріктіруге ұмтылған ұлы тұлға, халқының болашағы жолында мерт болған, отаршылдыққа касқайып қарсы тұра білгенaca үлкен саяси және қоғам қайраткері TұpapРысқұлов. Ұзак жылдар бойы тұмшаланып, тұншықтырылып келген ащы шындықтың қалың шымылдығы бертінде ғана ашылды. Кейін Ұлы қайраткердің өмірі мен кызметін егжей-тегжейлі зерттеген арнаулы беделді комиссия Tұpap Рысқұловтың атына тағылған қара күйені біржола жуып, ардақты есім түбегейлі ақталды.
Содан бергі жерде ұлтымыздың аяулы ұлыжайлы көптеген кітаптар, деректі шығармалар жазылды. Есімі елді мекендерге берілді, тұғыры биік ескерткіштер бой көтерді. Қазақстанның халық жазушысы, Республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі қоғам қайраткері, марқұм Шерхан Мұртазаағамыз Tұpap Рысқұловтың өмірі жайлы бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе» ғұмырнамалық роман-эпопеясын дүниеге әкелді. Қазақтың белгілі қаламгерінің отыз жыл ғұмырын арнаған бұл атақты туындысы мәңгілік тұлғаға арналған мәңгілік ескерткіш, жас ұрпаққа мәңгілік өнеге, өмірлік компас екендігі даусыз.
1999 жылы 11наурызкуніауданжұртшылығының көптен күткен арман-тілегіжүзеге асып, ауданымызға халқымыздыңаяулы перзенті TұpapРыскқұловтыңecімiберілді. РеспубликаПрезидентініңосыжайлыарнайы Жарлығышыққанда Құландықтардың қуанышында шек болған жоқ. Көп болып қолға алып, орталық алаңғаұлы тұлғаның тұғыры биік ескерткішінорнатуда осы үлкен куаныштың шынайынышаны болса керек.
Сұрақ:Сонда Тұрар кім Оның есіміхалқымызга, болашақ ұрпаққа несіменқұнды, несімен ардақты деп ойлайсыз?
Жауап: Ең алдымен, Tұpap Рысқұлов ұлттық мақтанышымыз. Оның өмірі халқы үшін отқа да,cyға да түсетін, шыбын жанын пида етуге бар көзсіз ерліктің, жұртына деген, туғанжеріне деген шексіз суйіспеншілікгің символы. Tұpap 1894 жылы 26 желтоксанда Жетісу облысы, Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында кедей-шаруа отбасында дүниеге келеді. Жастайынанжетімдік пен әділетсіздіктің ащы дәмін татыпөседі. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 1905жылы Шығыс Талғар болысының билеушісі Саймасай Үшкемпіровты атып өлтіріп, абақтыға түседі. Әкесі түрмеде тергеуде жатқан тұста баламды Саймасайдың қол-шоқпарлары жазым етер деген күдікпен арыз жазып жүріп 10 жасар Тұрарды қасына алғызады. Күндіз абақты бастығының жалшысы міндетін атқаратын қарабала түнде әкесімен көп сырласатын революционер Александр Бронниковтан дәріс алып, орысша тіл сындырады. Маркстік үйірмелер жайлы көптеген әңгімелерді зейін қоя тыңдайтын алғыр жеткіншектің бойына революциялық pyx дарыған үстіне дари береді. Көп ұзамай әкесі Сахалинге 10 жылға жер аударылады.
Сұрақ:Тұрар қайда қалды? Түрмеде ме?
Жауап: Жап жас бүлдіршін Tұpap панасыздың күйін кешіп айдалада қорғансыз қалады. Дегенмен, алғыр да кайсар, өжет жас санасына сіңіп қалған әке өсиеті бойынша үлкен қиыншылықпен Меркіге келіп, үш жылдық мектепке оқуға кіреді. Оны тәмамдаған соң Пішкек ауылшаруашылығы техникумына түседі.Техникумды үздік бітірген талапты жасбілім іздеп алыстағы Самара қаласынааттанады. Бұл жерде ол тағы да әлеуметтік әділетсіздікке тап болады. «Малшы киргиздің баласы. Оның оқуға құқық жоқ» деген кемсіту мен қорлау еңсесін қанша езсе де мойымай Ташкентке келіп мұғалімдер институтынаoқyғa қабылданады. Бір мезгілде күн көруқамымен бағбан болып жұмыс та істейді.
1916 жылы ұлт—азаттық көтеріліс бұрқ ете түскен кезде Tұpap көп ойланбай Меркіге жетеді.
Сұрақ:Тағы да Меркіге ме?
Жауап: Иә тағы да ат шабылтып, Меркіге келеді. Сөйтіп көтеріліске идеялық тұрғыдан басшылық жасайды. Осында «казақ жастарының революциялық одағын» құрып оған ауыл мұғалімдерін, интелегенцияның демократиялық бөлігін, жастар өкілдерінкөптеп тартады. Өз халқына қалтқысызкызмет етуді көксеген Tұpap көп ұзамай-ақ дала мен ауыл кедейлерінің шексіз құрметіне бөленеді. Тұрардың көзін жоюды көздеген үстем тап өкілдері оған Меркеде үш мәрте қастандық жасағандығы тарихтан белгілі. Солардың бәрінде де өздерінің идеялықжетекшілерін жас достары мен ауыл азаматтары құтқарып қалған. Ұлт-азаматтық қозғалысы аяусыз басып- жаншылғаннанкейін жалынды жас қысыл таяң кезде Қытайауып кеткен кандастарын атамекенге қайтару, оларға көмек ұымдастыру жөнінде қыруар icтындырады.
Сұрақ: Өмірі қыл үстінде жүрсе де, көзсіз ерліктер жасап, қыруар жұмыстар тындырған екен.Мұны тым ерте есейген дейміз бе?
Жауап: Иә, солай десе де болады. Тұрарды өмірдің өзі есейтті.
Небәрі жиырма жастан жаңа асқан осы кезден бастап Tұpap Рысқұлов Түркістан мен Казақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері ретінде ерекше көзге түсе бастайды.
Әулиеатада Совет өкіметін орнатуға белсене ат салысып, уездік Совдепті басқарады. Жалынды революционер көп ұзамай Советтердің Түркістан Орталық Атқару Комитетіне қызметке алынып Ташкентке ауысады.Онда ол Туркатком төрағасының орынбасары, денсаулық сақтау халықкомиссары, PKП(б)-ның өлкелік мұсылманбюросының төрағасы қызметтерін атқарады. Жиырма бес жасында Туркістан Орталық Аткомның төрағасы болып сайланды. Дәлосыкезде ТашкентпенҚазақстанныңОңтүстікөңірлерін паналап жүрген Ахмет Байтұрсынов,Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев,МұхамеджанТынышбаев және басқаларғылымижәне педагогикалық , шығармашылық жұмыстарменшындапайналысуға мумкіндік алғандығы даусыз. Олай болса бұған Түркістан Үкіметінің басшысыТұрар Рысқұловтыңтигізгеншапағатыныңмолекендігі тарихишындық.Ұлтболашағы,оныңәдебиетімен мәденетін санасынан бip сәтке де шығармайтын асыл перзентгің билік қолында тұрған кезде олай етпеуі мүмкін де емес еді.Eгep тарихи деректерге жүгінетін болсақ Tұpap Рысқұловтың өмір бойы ұлы державалық шовинизмге қарсы аяусыз күрес жүргізіп келгендігін байқаймыз. Ол аз халықтардың бойындағы ұлтшылдық элементтер көп жағдайда ұлы державалық шовинизмге қарсылық ретінде бой көтеріп жүргендігін бүкпесіз мысалдар арқылы дәлелдеумен болды.
Башқұрт халқының біртуар перзенті Заки Валидидің сонау 1920 жылдың өзінде Ленинге жазған хатында ‹Владимир Ильич, шығыс халықтарына Орталықтың көзқарасы — шовинистердіц көзқарасы. Түркістаннан Т.Рысқұловты, Башқұртстаннан Валидиді зорлап кетірдіңіз» деуі бұған толық дәлел болса керек.
Сұрақ: Тұрсынхан аға, сонда Рысқұловты басқа жаққа қуып жіберді ме? Ал, қуса не үшін деп ойлайсыз?
Жауап: Иә, басқа жұмысқа ауыстырды. Дәлірек айтқанда, елден қуды деуге болады. Оны Коминтерннің Орталық Шығыс бөліміне жұмысқа алды да, ізінше осы ұйымның өкілі етіп Моңғолияға жіберді. Бұл қызметте ол Монғолия мен оныц халқы үшін өлшеусіз еңбек сіңірді. Бір жылға жетер-жетпес yaкыттың iшiндe Моңғол елінің тұңғыш Ата Заңын жасауға іскерлікпен қатысты. Моңғол Халық Партиясының екінші бағдарламасы мен Жарғысының жобасын жасады. Монғолия мен Қытай арасында ынтымақтастық қатынас орнатуға белсене атсалысты. Оған дейін Урги деп аталынып келген астананың аты Tұpap Рысқұловтың ұсынысы бойынша Ұлан Батор (Шызыл Батыр) деп aтayғa шешім қабылданды. Орталық Тұрарды неге Моңғолияга жіберді? Тарихшылардың зерттеуінше оның себебін ашып көрсететін ешбір құжат жоқ секілді. Яғни, Сталин ұлт мәселесі жөнінде өзімeн терезесі тең келетін, тіпті кейбір сәттерде асып түсетін Тұрар Рысқұловтан уақытша болса да құтылғысы келген секілді. Әсіpece, онын түрік бірлігіидеясы онсыз да секемшіл«Ұлыкөсемді»ерекше кауіптендіргенгеұқсайды.Оның себеп-салдарындәл анықтаутарихшылардыңүлесі.Ал,өзбасым азаттықұғымыныңайдынынкеңейткенipi тұлғаларымыздыел санасына, тарих беттеріне қайыра алып келген тәуелсіздікті осындай ұлтқа пана болар аруақтарымызды тірілтіп бергені үшін-ақ асқақтатып аспанға көтеруіміз керек деп санаймын.
Сұрақ:Тұрар елге қашан оралды? Қандай қызметке алынды?
Жауап: Моңғолияда көп болған жоқ. Бір жылдай ғана уақыт жүрген соң, шақыртылды. Оның іскерлігі керек болғанға ұқсайды. Кле сала, яғни, 1926 жылы мамыр айында РСФСР Халық Комиссарлары Советі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, бұл жауапты қызметті жазықсыз aтылыпкеткенге дейін мінсіз атқарды.
Халкымыздың аяулы перзенті бүкілодактық мәселелерді шеше журіп өзі туын тіккен Түркістанның, Қазақстанның, қазақ ұлтының проблемаларын бip сәтке де естен шығарған емес. Еліме Егемендік әперсем, халқымды үлде мен бүлдеге орасам, Республиканың экономикасы мен мәдениетін өркендетсем деп аңсаган асыл перзент түн ұйкысын төрт бөліп, басын тауға да ұрды, тасқа да ұрды. Қарағанды көмір бассейінін, Балхаш мыс комбинатын, Шымкент корғасын заводын салуға белсене атсалысты. Түркістан-Сібір темір жолын салуға көмектесетін комиссияның төрағасы ретінде ежелгі Құлан топырағына да табан тіреп, Луговой станциясында болуы аудан тарихын байытып, оның шежіресіне алтын әріппен жазылғандығы кәміл.
Сұрақ:Дұрыс айтасыз,аудан жұртшылығы Тұрардың есімімен мақтанады. Темір жол құрылысын, темір жолшылар поселкесін Тұрардың есімімен байланыстырады. Осы жөнінде тарқатып айтып берсеңіз.
Жауап:Иә, Тұрардың сол кездегі Луговой станциясына келуі үлкен тарихи оқиға. 1927 жылдың күзінде Луговой темір жол станциясына жаңа еңбек дүбірі келіп жетті, Болат жол тартылысымен марғау жатқан паң дала сілкініп, ауыл адамдары әртурлі кәсіптіц жалынан ұстай бастады. Осы жылғы қараша айыныц 21 жұлдызында Түрксібтің Оңтүстік учаскесінде алғашқы рельстің төселуіне байланысты салтанатты митинг болып өтті. Оған теміржолшылармен қатар жақын маңдагы ауыл турғындары да қатысты. Осы салтанатта Tұpap Рысқұлов паравоз үстінде турып, өзінің жалынды тарихи сөзін сөйледі. Көп ұзамай алғашқы төселген, ұзындыгы небәрі 2 шақырым ғана болатын темір жолға орнатылған казақтыц киіз үйі формасындағы аркадан маңдайшасында «Сібірді игереміз» деген лозунгісі бар «ОВ-6394» номерлі паравоз баяу жылжып шығып Сібірге карай бет алды. Tұpap өзінің асқан шешендігімен, болашақты болжай білетін көрегендігімен отарбаға тосырқай қараган ауыл адамдарын үлкен құрылысқа жаппай жұмылдыра білді. Темір жол төсеуге 2000-ға жуық жергілікті жұрт, 500 aт, өгіз, түйе шеккен арба катысты. Teміp жол құрылысы аяқталған соң қазақ әйелдері арасындағы ең туңғыш паравоз машинисі Забира Жүсіпова осы Құланнан шықты.
Орталық Комитет органы «Правда» газеті 1927 жылғы 17 маусымдағы санында «Кеше Кремльде, Т.Рысқұлов жолдастың басшылығымен Түркістан-Сібір темір жолына көмектесетін комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі туралы жасаған баяндамасында Рысқұлов жолдас негізгі барлау жұмыстары тоқтаусыз жүрріп жатқандығын және белгіленген мерзімде аяқталатындығын айтты. Рысқұлов жолдас жолдың жүретінторабын белгілеумен байланысты туындайтын техникалықміндеттердің барлығы да ойдағыдай шешілді деп санайды» деп жазды.
Осы жерде ерекше бір айтатын мәселе, шоқпар жобасы туралы. Кремльде Тұрар Рысқұловтың жетекшілігімен комиссия отырысы өтіп жатқан. Тарихи деректерге сүйенсек, сол кезде комиссия мүшелері арасында дау дамай туындайды. Олардың бір бөлігі теміржолды қордай вариантты арқылы, яғни, Қырғыз жерімен Кескентау арқылы өткізуді қолдаса, Мұхаммеджан тынышбаев Шоқпар даласымен алып жүруді ұсынады. Дау дамай өрши түскен тұста, Тұрар Рысқұлов оларды тоқтатып, М.Тынышбаевқа сөз береді. Ол Қордай вариантының экономикалық тұрғы да тиімсіз екенін, нақты мысалдармен дәлелдейді. Оның үстіне болашақта әр ел егемендік алған кезде, біз өзіміз салған жолға өзіміз тәуелді боламыз деген пікірін білдіреді. Оны Т.Рысқұловта қолдайды. Сөйтіп «Шоқпар жобасы» бекітіледі.Сол кездегі Алаштың екі арысының Тұрар мен Мұхаммеджанның сол ұсыныстарының өміршең болғандығын, бүгінгі уақыт дәлелдеп отыр.
Шынтуайтқа келгенде стратегиялық әpi экономикалық маңызы бар Темір жол мерзімінен анағұрлым бұрын төселді. Осының өзі жалынды революционердіціскерлігін, жүктелген іске деген асқан жауапкершілігін, сонымен бірге алға қойған мақсатына жетпей коймайтын қайсарлығын көрсетсе керек.
Бүгінде темір жол станцясы тоғыз жолдыңторабы атанып, экономиканың нағыз күретамырына айналып отыр. Одан жергілікті бюджетке түсетін қомакты қаржы ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуге үлкен септігін тигізіп келеді.
Сұрақ:Біз тарихтан Тұрар Рысқұловтың халқын ашаршылықтан құтқарып қалғаны жөнінде ерекше еңбек сіңіргенін білеміз.Осы жөнінде де тарқатып айтып берсеңіз.
Жауап:Tұpap Рысқұлов халық камқоршысы, ұлт мақтанышы ол каншама үлкен лауазымды қызметтерде жүрсе де елін, туған жерін жадынан бip сәтке де шығарған емес. Бүгінде күйреп келмеске кеткен одактың өсіп, өркендеуіне шексіз үлес косқан қайраткер. Дуниежүзілік ынтымақтастықты жандандыруға мол еңбек сіңірген жан. Ондаған ғылыми еңбектер жазған ойшыл. Ана тілі мен қазақи дәстур- салтымызды қадір тұтатын асқан патриот.
Тұрартануды алғаш қолға алған, халқымыздыаяулы перзентінің өмірі мен қызметін, саяси кайраткерлерін ғұмыр бойы зерттеп өткен белгілі қаламгер, айтулы сөз зергері Шер ағаң— Шерхан Мұртаза Тұрардың еліне сіңірген еңбегінің екі кезеңін ерекше бөле-жара карайды. Олар: 1918-1919 жылдарда Орта Азия жане Қазақстанда орын алған үлкен аштық. Сонан соң 1932-1933 жылдары жаппай коллективтендіру кезінде Қазақстанда орын алған өрескел бұрмалаушылық. Соның салдарынан болған алапат ашаршылық, өмірде сирек кездесетін нәубет. Дәл осы ел басына күн туған сын сағаттағы Тұрардыңжанайқайы. Аштарға жедел көмек көрсету жөнінде өкіметке арнайы қаулы қабылдатуы. Иә, жеке адамға табынудың шегіне жетіп тұрған тұстта олардың солақай саясатын бетіне басып, «халқым» деп қайраткерлік танытуы шындығында да теңдесі жоқ ерлік еді.
Республикамыздың белгілі демограф ғалымы Мақаш Тәтімов:
«Қазақстанда ашаршылық жылдары 2,5 миллионнан астам адам опат болды» деген дерек келтіреді. Eгep Tұpap халқына қарлығаштың қанатымен су сепкендей қамқорлық танытпаса бұл цифр жантүршігерлік мәліметке айналар еді. Аштықка карсы күресетін Республикалық Төтенше комиссияның төрағасы Т.Рысқұлов күндіз-түні елді аралап, ашыққандарды тамақтандыратын орындар ашты. Сөйтіп, бүтіндей бip ұлттың жер бетінен жойылып кетпей, аман қалуына, ұрпак өсіруіне үлкен септігін тигізді.
Дәл осы кезде Тұрардың бip басына жететін кызмет те, мансап та, байлықтабарболатын.Мәскеудегіжылы орнында өзінен жоғарыдағылардың айтқанына үнсіз бас шұлғып отыра берсе ешкім кедергі де келтірмес еді. Алайда, өз мүддесінен ел мүддесін жоғары қоятын халықшыл Тұрардың «халқым)› деп жүрегі езілді, жұртым деп айқасқа түсті. Сондықтан да оның өмірі халқына көрсеткен қалтқысыз қызметімен, еліне деген шексіз сүйіспеншілігімен мәнді, сонысымен өнеге, сонысымен қымбат.
Сөз басында айтқанымыздай, Тұрар-мәңгілік тұлға. Тұрар – тылсым дүние. Биік таулар алыстаған сайын асқақтай беретіні секілді Тұрар тұлғасы, Тұрар белесі уақыт өткен сайын биіктей береді, асқақтай береді.
Тұшымды да, мәнді сыр-сұхбатыңыз үшін мың да бір рақмет, Тұрсынхан аға! Амандық та жүздесейік.