Тұрар Рысқұлов ауданында “Ынтымағы жарасқан,туған өлкем- Қазақстан” атты мерекелік концерт өтті

1 наурыз- Алғыс айту күні. Осыған орай Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде “Ынтымағы жарасқан,туған өлкем- Қазақстан” атты  мерекелік концерт өткізді,  – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов құттықтау сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Сондай- ақ аудандағы этно-мәдени бірлестік өкілдері ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарын таныстырып арнайы көрме ұйымдастырды , ұлттық тағамдарын ұсынды. Жиналған көпшілікке ізгі лебіздерін арнап, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.

Айта кетейік, аудандық этно-мәдени бірлестіктер 1 наурыз -Алғыс айту күніне орай Алғыс хаттармен марапатталды.