Тұрғын үй құрылысы комбинатының жұмысын қайта жандандыру — қолжетімді баспана санын арттыруға мүмкіндік береді Нұр-Сұлтанда
«GLB» (Шар — құрылыс) үй құрылысы комбинаты мен проблемалық деп танылған «Бағыстан», «Алтын шар» 1,2,3 тұрғын үй кешендерінің құрылысы қайта жанданды.
Құрылысты аяқтау 2020 жылға жоспарланған. «Шар – Құрылыс» ЖШС Бас директоры Жанна Бектемирова атап өткендей, мемлекет қолдауының нәтижесінде комбинаттың кредиторлары мен кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы қарызы өтелді. Комбинат жылына 200-ден 250 мың шаршы метрге дейін тұрғын үй салады. Кәсіпорын жұмысы автоматтандырылған, сандық технологиялар мен модульдік құрылыстың қазіргі заманғы әдістерін қолдана жұмыс істейді. Қолданылатын жабдықтар Германия мен Австриядан. «Қолжетімді тұрғын үй санын арттыру – маңызды әрі өзекті мәселе. Қазір кәсіпорында 300 адам еңбек етіп жатыр. Қызметкерлер санын екі есе артады. Бұл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді. Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құрылыс индустриясының дамуына серпін береді», — деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Құрылыс мерзімі жыл, жыл жарым болса, заманауи озық технологияның арқасында көпқабатты үйді 4-5 айда салуға болады. 1 шаршы метрдің бағасы орташа есеппен 240-260 мың теңгені құрайды, бұл тұрғын үйді қолжетімді етеді.