ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ
Бүгін қала әкімі Ержан Жылқыбаев Шөлдала алқабы 28 саяжай тұрғындарын қабылдады. Тараз қаласы әкімдігіне жиналған көпшілік жерлерін заңды түрде заңдастыра ала алмай жүргенідігін айтты.
Мәселенің мән-жайына тоқталсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы №113 «Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» Қаулысы негізінде Тараз қаласы аумағына Құмшағал шағын ауданына 28 саяжай алқаптары енді. 2018 жылы аталған саяжай алқабына тұрғын алқап статусы берілді. Қазіргі таңда, тұрғын алқапқа қажетті инженерлік және инфрақұрылымдық желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде.
Алайда, 10 жылдан бері 4769 жер учаскесі заңдастырылмай, тұрғындар саяжай кітапшалары негізінде жүр. Ал, құжаттары рәсімделмеген нысандар алдағы уақытта инфрақұрылым желілеріне қосылуға мүмкіндігі жоқ. Бұдан бөлек, азаматтар алдынан жұмысқа орналасу сынды басқа да мәселелер кездесуде. Бұға дейін, саяжай төрағаларынан алқаптардағы жер учаскелерінің тізімі алынып, бөлім мамандарымен азаматтарға құжаттарды рәсімдеу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ержан Жылқыбаев көптің мәселесін мұқият тыңдап, алдағы уақытта аталған проблеманы зерделеу мақсатында арнайы жұмыс тобын құрып, азаматтардың құжаттарын қабылдап оны рәсімдеп, тиісті мекемелерге жолданатынын жеткізді. Сонымен қатар саябақ кітапшасы негізінде жерді пайдаланып және учаскесінде құрылысы аяқталған, сонымен қатар меншік құқығын алған жер пайдаланушылардың өтініштері ҚР Жер кодексінің 43 бабына сәйкес Жер комиссиясы отырысында қарастырылады.
Көпшілік көтерген мәселе шаһар басшысы жеке қадағалауына алатынын және барлық айтылған өтініштер бойынша рет-ретімен, заң жүзінде көмек көрсетілетін болады. Ержан Жылқыбаев тұрғындар алдында жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.