ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ БОЙЫНША КЛУБ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Жұртшылықтың талап-тілегіне құлақ түру мақсатында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған болатын. Нәтижесінде, жергілікті орган басшылары тұрғындармен жүздесулерді тікелей эфирде өткізіп, олардың сауалына ашық түрде жауап беруде. Бұл бұқара мен биліктің арасын мейлінше жақындастыруға бағытталған бастама десек, Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес 20 қаңтар күні басталған ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулері сөзімізді салмақтай түседі.
Қалай дейсіз ғой? Бұл жолғы әкімдердің есебі бөлек форматта өтті Мысалға, ауылдық округ әкімдері тек қарашамен жолығып, жыл ішінде атқарылған жұмыстарды баяндап қана қоймай, жергілікті округтің әлеуметтік желідегі Facebook және Instagramm парақшаларынан түскен сауалғада назар аударды. Көптеген себептермен келелі кездесуді қалт жіберіп алған азамат әлеуметтік желіге кіріп, округтің ресми парақшасына сауалын жолдап, толымды жауап алуда. Қазіргі таңда бұл формат ауданға қарасты 17 ауылдық округінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл форматты аудан әкімінің 28 қаңтарда бастау алатын есептік кездесуде қолдану жоспарлануда. ауданның бас парақшасы мен тиісті округтің парақшаларында тікелей эфирде көрсетілімге шығарылатын болады. Алдын ала мекенжайлардың сілтемелері де әзірленген. Дәл бүгінгі күнге Қаратөбе, Айшабибі, Ақбастау, Жамбыл, Бесағаш, Аса, Гродиково, Көлқайнар, Қарасу ауылдық округтерінің әкімі ел алдында есептік кездесуін өткізді.
Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваның Шоқай ауылы тұрғындарының алдындағы есеп беру кездесуі №3 орта мектепте өтті.
Басқосуда тұрғындар округ әкімінің есебін мұқият тыңдап, өткен жылы атқарылған жұмыстардан құлағдар болды. Ортақ мәселелерге баса мән беріп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Мәселен, ауыл тұрғыны Айдар Хаджимуратов жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан ауылдық клуб мәселесін көтерді. Ауылға клуб қашан соғылатынын, құрылыс жұмыстары қашан басталатынын сұрады. Тұрғынның бұл сауалына Нұрсұлу Лутфуллақызы: «Шоқай ауылына жаңа клуб ғимараты «МакроСтрой» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Әділет Ережепбаев пен «КнауфГипсТараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мырзабай Бекназаровтың демеушілігімен салынады», – деп үн қатты.
Ауыл ақсақалы Бекзатхан Қожабеков округ әкімінің есебін қанағаттанарлық деп бағалады.
Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
(Мәлімет Жамбыл ауданындағы ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулерінен алынған)