ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев @saparbayev_bm азаматтарды мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Атап айтсақ, Байзақ ауданы, Сүгірбай ауылының тұрғыны Ернар Керімбеков дәнекерлеу, ағаш цехын ашу үшін жер телімін беруді, Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл сыртындағы бос жатқан жерді жалға беруді сұрады. Сондай-ақ, мүгедектігі бар тараздық екі тұрғын көп жылдан бері жалдамалы пәтерлерді паналап келе жатқанын айтып, тұрғын үй мәселесін шешіп беруді өтінді.
Аймақ басшысы өтініштерді қанағаттандыру ҚР Жер кодексінің, Жайылымдар туралы, Тұрғын үй қатынастары бойынша Заң талаптарына сәйкес ғана жүзеге асатынын жеткізді. Дегенмен, асарлатып үй салу секілді өңірлік игі жобалар бойынша мұқтаждарды баспанамен қамту мүмкіншілігі жан-жақты қаралатынын атап өтті.
Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында