Тұрғындардың тұрмысы түзелуде

    «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың басты мақсаты – әлеуметтің әлеуетін көтеру екені белгілі. Бұл бағытта бүгінде өңір-өңірлерде жасалы жатқан жұмыстар жетерлік. Жамбыл облысында да қара халықтың қамы үшін қолға алынған тірліктер толайым. Соның бір легі Шу ауданында жүйесін тауып отыр
Нақтырақ айтсақ, Шу ауданында 2019 жылы тұрғын үй көмегіне 13098,0 мың теңге қарастырылған, жыл басынан 265 отбасынан құжаттар қабылданып 6180,4 мың теңге тағайындалып,төленген.

Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2019 жылы 1641414,0 мың теңге қарастылып, жыл басынан 2822 отбасына жоспар бойынша қарастырылған қаражат 677600,0 мың теңгесі толығымен төленіп отыр.  Оның 552600,0 мың теңгесі республикалық  және 125000,0 мың теңгесі жергілікті бюджет есебінен.

Гигиеналық құралдарды қажет ететін 2019 жылы қаралған 38649,0 мың теңгесі республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттен -25000,0 мың тенге қаралып оның жергілікті бюджеттен 21421,8 мың теңге, республикалық бюджеттен 23000,0 мың теңге игеріліп 325 мүгедек құралмен қамтылған.

Санаторлық-курорттық емделуге жолдама алу үшін 2019 жылға 149 мүмкіндігі шектеулі жандардың  құжаттары қабылданды.

Арнаулы — жүріп тұруы құралдарын қажет ететін 24 мүгедектің құжаттары қабылданып 7 ересек серуендік, 11 ересек бөлмелік корап-арбалар берілген.

Протез-ортопедиялық құралдарды қажет ететін 162-мүгедектің құжаттары қабылданып, 4-мүгедекке (8-ортопедиялық таяқ, 3-балдақ, 2-жетек арба) таратылған.

Мүмкіндігі шектеулі  балаларды үйде оқытуға 2019 жылы 6917,0 мың теңге материалдық көмек қарастырылып, 2- ші тоқсанға 125 балаға 3217,3 мың теңге төленді.

Жеке көмекшінің қызметіне 2019 жылы 49220,0 м.т. қарастырылып 233 мүгедек 231 жеке көмекшімен қамтылып 23869,0 мың теңге және ымдау тілі маманына 2019 жылы 4052 мың теңге қарастырылып 22 мүгедек 1 ымдау тілі маманымен қамтылып 821,8 мың теңге игерілді.

Аудан бойынша жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі мүгедек 170 балаға, 99 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

2019 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды кедергісіз келешек ортаға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан бойынша бейімделуге білім беру саласының 10 нысаны жоспарланған Олар  М.Ғабдуллин атындығы, Абай атындағы, Әшімбаев атындағы, Қ.Сәтбаев атындағы, Б.Момышұлы атындағы, Ж. Баласағұн атындағы, Мойынқұм атындағы, Ә.Молдағұлова атындағы, Жамбыл атындағы және Жібек жолы лицейі. Оның 4 нысаныны пандус орнатылды.

 

Төлен Дедек