ТҰРҒЫНДАР СҰРАНЫСЫ
Қаратау қаласының орталығында 9 қабатты қос тұрғын үй бар. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған бұл үйлер жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Шатырдан аққан судың салдары жайлы мәселе бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілген. Тұрғындар кондоминимумға бірікпегендіктен бюджеттен қаржы қарастыру мүмкіндігі жоқ.
Алайда, жергілікті кәсіпкерлермен аталған мәселеге демеушілік жасау туралы келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде «Talasinvestmentkompany» ЖШС қос үйдің шатырына 26 млн. теңге демеушілік жасайтын болды.
Құрылыс жұмыстары жақын күндері басталады.
Қанатбек Мәдібек, Талас ауданының әкімі