ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Күні кеше жоспарға сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдадым. Жалпы, дәстүрге айналған қоғамдық қабылдаулардың ең негізгі міндеті − тұрғындардың өтініштерін қарап, олардың оңтайлы шешілуіне қолдау көрсету болса, бүгінде бұл үде орындалып келеді.
Қабылдауға келген тұрғындардың да қарасы қалың болды. Жеке мәселелерімен қайырылған тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мен әлеуметтік жағдайға қатысты сауалдарын жолдады. Одан бөлек, жол, жұмыспен қамту және денсаулық саласына қатысты түйткілдер де көтерілді. Жеке кәсіпкерлігін дамытып, оның аясын кеңейтуге қатысты мәселемен қайырылғандар да болды.
Көмек сұрай келген әрбір тұрғынның өтініші жеке-жеке зерделеніп, заң аясында нақты шешімдер қабылданатын болады.
Бақытжан Жәнібеков
Шу ауданы әкімі