ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ
Қазіргі кезде аудан тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелердің шешілуіне ықпал ету дәсүрге айналып келеді. Бұл өз кезегінде елді мекендердегі мәселелердің қордаланбауына, кез келген түйткілдің түйінін дер кезінде тарқатуға септігін тигізеді.
Бүгін де осы мақсатта бірқатар аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрдім. Олардың қатарында тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік секілді баршаға ортақ мәселелерді көтергендер де бар.
Сонымен бірге жеке мәселесімен келген көпбалалы аналар мен зейнеткерлер де болды. Қоғамдық қабылдауда көтерілген түйткілдердің бірқатары сол мезетте-ақ шешімін тапса, бір бөлігі рет-ретімен зерделеніп, заң шеңберінде қаралатын болады.
Жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәселесін тікелей шешу мақсатында өткізілген қоғамдық қабылдау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі