ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ


– Бүгінде округте қолға алынған ілкімді істер аз емес. Әсіресе, жол жөндеу жұмыстарына ерекше басымдылық берілуде. Айталық, Сыздықов көшесі 3-бұрылысы, Чкалов көшесінің соңы мен «Орман» алқабының көшелеріне асфальт төселсе, Солнечный кентінің көшелері, Целиноград көшесінің бұрылыстарына жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 1, 2 «Шалғай Қарасу» алқабының барлық көшелерінің бұрылыстарына шағал төселуде. Оның ішінде Бахтияр Баба, Сейлхан Әбдиев, Қайым Мұхамедханов, Хан шатыр, Темірқазық, Жалын, Алтын Орда көшелеріндегі бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.