Тұрғындар тыныштығын бұзғандарға айыппұл салынды
Ағымдағы жылдың 4 қараша күні Айтеке би көшесі №7 мекенжайында орналасқан нысанда түнде жүргізілген құрылыс жұмыстарына тұрғындар наразылық білдірген болатын.
Аталған факті негізінде полиция қызметкерлері ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437 бабы 1-ші бөлімі бойынша жүк көлік иесі мен құрылыс жұмысына жауапты маманға хаттама толтырды.
Полицейлер заңды бұзған азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Енді бұл маңдағы құрылыс жұмыстары тек кешкі сағат 21.00-ге дейін ғана жүргізілетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін аталған мекенжай бойынша қоғам белсенділері тарапынан әлеуметтік желілерде түрлі шағымдар түскен болатын.
Негізі аталмыш жер учаскесі 2007 жылдың 14 наурыздағы Тараз қаласы әкімдігінің №208 қаулысына сай Р.Ж.Абиев Тараз қаласы, Айтеке би көшесі №7 жайдағы дүкен және кеңсе құрылысы үшін, жалпы көлемі 0,0120 га жер телімі уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығына иеленген.
Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылдың 27 тамызындағы №694 қаулысы негізінде Расылхан Жамбылханович Абиевке қосымша жер телімінің кесіндісі мен дүкен және кеңсе құрылысын салып, оған қызмет көрсету үшін Әйтеке би көшесі, №7 жайдағы, жалпы көлемі 0,0168 га, соның ішінде қосымша жер телімінің көлемі 0,0048 га жер учаскесіне жеке меншік құқығы берілген.
2022 жылдың 7 желтоқсанындағы сатып алу-сату шарты негізінде Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, №7 «Б» мекен жайдағы көлемі-0,0168 га нысаналы мақсаты үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет үшін берілген жер телімін Бахтияр Газанфар Оглы Багбанов сатып алған.
2022 жылдың 14 желтоқсанында дүкен және кеңсе құрылысын салу үшін Б.Г.Багбановқа №KZ13VUA00804945 жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілген. Жұмыс жобасы бойынша оң қорытынды берілген.
2022 жылдың 28 желтоқсанында Б.Г.Багбанов құрылыс бастау алдында «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» КММ-не №KZ56REA00312977 хабарламасын беріп талон алған.
Жоғарыда аталған мекен жайдағы құрылыс 2015 жылдың 30 қарашадағы құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы №750 бұйрығына сәйкес, рұқсат құжаттары рәсімделіп, сонымен қатар жоба ҚР құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес даярланып, оң қорытынды алып жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 6 ақпанында Тараз қаласының сотында, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, №7 үйдің №1 пәтері тұрғынының, жоғарыда көрсетілген Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылдың 27 тамызындағы №694 қаулысының күшін жою туралы талап арызы қаралып, толығымен қанағаттандырылмағанын қосымша хабарлаймыз.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі