ТҰРҒЫНДАРДЫ СҰРАҚТАРЫМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауда болған Қарамер ауылының тұрғыны Салтанат Қабылбекова жер мәселесін көтерсе, Өрнек ауылының тұрғыны Қуатбек Абишев жұмысқа орналасу бойынша сауалын жолдады.
Нұрлан Күдербайұлы тұрғындардың сұрақтарына Заң аясында жауап беріп, бірқатар басшыға тапсырмалар жүктеді.
Қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев, аудан әкімінің аппарат басшысы Самат Селеубаев және ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты