Тұрғындарды толғандырған мәселелер тыңдалды
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтың ауыл тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Бұл жолы Нұрбол Әбдімәжитұлы жұмыс сапарымен Қызыләуіт, Ақкөл, Тамды, Қаратау, Қасқабұлақ және Берікқара ауылдық округтері тұрғындарымен кездесіп, бірқатар нысандардың жағдайымен танысты.
Кездесу барысында халықты толғандырған мәселеге баса назар аудара отырып, барлық ауылдық округ тұрғындары алдында аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдері түсіндірілді.
Кездесу аяқталғаннан кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады, қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі