Тұрғындардың өңірден кетуін тоқтату — көкейтесті мәселе
Қалыптасқан дәстүр бойынша қаңтар айында әкімдер өткен жылдың қорытындысын шығарып, үстіміздегі жылы атқаратын жоспарды белгілейді. Жаңа жылдың алғашқы айы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі үшін мазмұнды болды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов күн өткен сайын тек іскер басшы ретінде өзінің ұстанымын нығайта түсуде.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы шыққаннан кейін Қызылжар өңірі де өзінің жұмысын күшейтіп, басты құжатта айтылған міндеттерді жүзеге асыруға құлшына кірісті. Облыс басшысы өндірісте «ақылды» және жоғары өнімді технологияларды пайдалануға, сол сияқты өңірді «цифрландыруды» тиісті деңгейге көтеруге ерекше назар аударып отыр. Мысалы, «Зерде» холдингімен бірге «Quick Wins» форматында биыл жүзеге асырылатын 49 жоба іріктеп алынды. Аталмыш жобалар Облысты цифрландыру тұжырымдамасына енгізіліп, ауыл шаруашылығы, туризм сияқты 8 басым бағытты, «Smart Петропавл» тұжырымдамасы қауіпсіздік, көлік, ТКШ, білім, денсаулық сақтау және қалалық басқару сияқты 6 бағытты қамтыды. Осындай қарқынмен Солтүстік Қазақстан облысы шын мәнінде нағыз цифрландырылған өңір болады деп нық сеніммен айтуға болады.
Бұған қосымша Құмар Ақсақалов жаңа жұмыс орындарын ашу және басқа облыстардан адамдар тарту есебінен еңбекақыны белсенді көтеру міндетін қойды. Өңір басшысы атап айтқандай, бұл – статистердің бақылауы бойынша, өкінішке қарай, көбейіп бара жатқан тұрғындардың өңірден кетуін азайтуға көмектесетін болады.
Қаңтар айындағы күн тәртібінің басты тақырыбы- солтүстікқазақстандық билік үшін Біріккен Араб Әмірлігіндегі Әл-Фуджейра қаласына сапар болды. Араб шейхтары кез келгенді жұмыс барысымен өздеріне шақыра бермейтіндігін есепке алсақ, өңір басшылығының бұл қол жеткізген ерекше табысы деп анық айта аламыз. Кездесу жемісті болумен қатар, екіжақты меморандумдар жасалды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы мен Фуджейра әмірлігі арасында ынтымақтастық орнату туралы құжатқа, СҚО КП мен Фуджейра ТКП, «Солтүстік»ӘӨК пен «Fujairah National Group», М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен «Фуджейра университеті»арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Сол сияқты 2018 жылы Алаш қайраткері, ақиық ақын, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығын мерекелеу өңірдің айтулы оқиғаларының бірі болады. Облыс әкімі мен ТҮРКСОЙ басшылығының келісімі аясында мерекелік шаралар аталмыш халықаралық ұйымға кіретін барлық елдерде аталып өтеді. Ақпанда ТҮРКСОЙ қамқорлығымен «Мағжан Жұмабаев жылы» аясында Кастамону және Анкара қалаларында мәдени шаралар өтеді, оған СҚО делегациясы қатысады. Ұлы ақынның мерейтойын өткізуді Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Астана қаласы да жоспарлап отыр.
Облыс басшылығы өңірдің инвестициялық әлеуетін барынша дамытуды әрі қарай жалғастыруда. Облысқа тартылып жатқан инвестицияның көп бөлігін қытайлық инвесторлар құрайтындығы жасырын сыр емес. Осы жолы да Tielin Logistics Coкомпаниясы Қызылжар ауданында бірнеше өндіріс орнын құруды жоспарлап отыр. Олар — пестицид, бактерицид, гербицид, мойынтірек өндіретін зауыттар, электромобиль өндірісі желісін құру, құрамажем зауыты және астықты өңдеу, лимон қышқылы және глюкоза/декстроза өндірісіне байланысты кәсіпорындар. Сол сияқты инвесторлар ұзындығы 4 шақырымдық темір жол салып, электр станциясын орнатады. Облыстың жалпы бюджеті 131 млрд. теңгені құраса, құрылыс кешеніне 80 млрд. теңге инвестиция салынатын болады.
Қаңтар айының сюжеттік желісінен облыстың билік дәліздерінде шұғыл кадрлық ауыстырулар орын алғаны белгілі. Құмар Ақсақалов жыл бойы аудандардың әкімдері мен басқарма басшыларының өз тапсырмасын қалай орындап жатқандығын сын көзімен бақылады және байқады, селекторлық кеңестерде, елді мекендерді аралау сәтінде ескертулер жасады Бір күнде төрт аудан әкімінің ауысқаны да сондықтан
Өңір басшысы Петропавл қаласына да барынша көңіл аударады, базарларды, өндіріс орындары мен құрылыс нысандарын, сол сияқты жаңадан салынып жатқан шағынаудандарды аралайды. Солардың бірі — бірпәтерлік 72 үйдің құрылысы жүргізіліп жатқан «Сонечный-2» кенті, екіншісі — ІТ-технологиясымен жабдықталатын Оқушылар сарайы құрылысы.
Нұрсайын Шәріп
Суретте : әкімдік отырысы; облыс әкімі Қ.Ақсақалов пен Фуджейра шейхы Хамад бен Мұхаммед Әл Шарки.