Тұрғындармен кездесу
Бүгін Қошқарата ауылдық округі әкіміне үміткер ретінде округ тұрғындарымен кездесу өткізіп, алдағы сайлауға белсене қатысуға шақырдым.
Ауыл тұрғындарын алдағы төрт жылға арналған өзімнің сайлауалды бағдарламаммен таныстырып, толықтай түсіндіріп өттім. Аталған кездесуге аудандық мәслихат депутаты Аринов Сыбанбай Несіпханұлы мен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының саяси кеңесінің мүшесі Бақытжан Бекболат қатысты. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс пен өтініштерін тыңдап, ауылдың өзекті мәселелерін талқылап алдағы уақытта айтылған мәселелердің шешілу жолдарын қарастыратынымды жеткіздім.
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының атынан ұсынылған кандидат ретінде тұрғындардың үмітін ақтау, округтің дамуы мен өркендеуі жолында ауыл халқының игілігіне жұмыс жасауда өзімнің үлесімді қосып, әрқашан округтің әлеуетін көтеретін жұмыстарды жүргізуге дайын екендігімді жеткіздім.
Сайлаушыларды бірауыздан сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырдым.
Мейіржан Телеушов