ТҮРКІСТАН: 109 ОРТАЛЫҒЫНА БИЫЛ 80 МЫҢНАН АСТАМ ҚОҢЫРАУ ТҮСКЕН
Ел Президенті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыруды, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюды тапсырған болатын. Осы ретте Түркістан облысының 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардан түсетін өтініштерді қабылдауда.
Айта кетейік, операторлар орташа есеппен күніне 150-200 қоңырауға дейін қабылдайды. Өтініштердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі бойынша, оның ішінде жарық, ауыз су, газ, жол мәселелеріне байланысты түседі. Сондай-ақ референдум және сайлау бойынша ақпарат берілген.
Байланыс орталық өтінішті жан-жақты қабылдайды. Атап айтқанда, 109 қысқа нөмірі, «Aikey» мобильді қосымшасы, turkestanobl.109@gmail.com электронды поштасы, WhatsApp желісі, телеграмда арнайы чат боты, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы келіп түскен өтінімдер қаралып, жауаптары арыз иесіне жолданады.
Айта кетейік, тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында облыс аумағындағы бильбордтарға 200-ге жуық баннер орнатылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі