ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 70 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Арыс қаласында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында 70 отбасы қоныс тойын тойлады. Қала әкімі Қайсар Маңқараев қоныс иелерін қуанышымен құттықтап, жаңа үйлердің кілтін табыстады.
✔️Заманауи үлгідегі баспаналар Отырар шағын ауданында бой көтерген. Жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ризашылықтарын білдіріп, қуанышты сәттерін жақындарымен бөлісті.
✔️Қала әкімі өз сөзінде халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да Арыста тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі