ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіне қарасты Жыланды елді мекенінде орналасқан «Шаян» индустриялды аймағында өндіріс орындарының саны артып келеді. Аталған аймақта 2024 жылы травертин тасын өңдеумен айналысатын «Рамирта» ЖШС жаңа өндірістік жобаның құрылыс жұмыстарын басталған болатын. Жоба құны — 800 миллион теңге. Бұл жоба ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, өңірді құрылыс материалдарымен қамтуға мүмкіндік бермек. Одан бөлек, жаңа жұмыс орындары құрылып, 44 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Сондай-ақ, биыл «Шаян» индустриялды аймағында «Каз Травертин» ЖШС травертин тасын өңдейтін тағы бір ірі кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда аталған компания индустриялды аймақтан жер телімін рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде. Жобаның жалпы құны – 1,8 миллиард теңге. Жоба іске қосылғанда 28 жаңа жұмыс орны ашылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі