БАСТАПҚЫ БЕТ Түркістан қаласының ерекше мәртебесі 03.03.202503.03.2025 Елана Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Құжатта: тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау; археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу; тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу; қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау; археологиялық ескерткіштердің резерватын құру; мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру; қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу; тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту; мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу; туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.