«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы»

Бүгін түркі елдерінің астанасы, киелі қаламыз «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын талқыладық.
Астанадан арнайы ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» жұмыс тобы келіп, ақсақалдармен, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлерімен және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Жұмысшы топтың жетекшісі Темір Базарбайұлы заң жобасының Түркістан қаласының дамуына қосар үлесі мен маңыздылығына тоқталып, осыған дейін 45 ұсыныс қаралғанын, оларды талқылап, ең маңыздысын таңдап, әрі қарай дамыту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Бұл заң жобасында қаланың тарихи ескерткіштерін сақтау, туризмді дамыту және қолөнершілерді қолдау – басты бағыттар боп табылады. Сондай-ақ, заң жобасы қабылданғаннан кейін қала инфрақұрылымы жақсарып, халықаралық деңгейде танымалдығы арта түспек.

Әзімбек Пазылбекұлы,

Түркістан қаласының әкімі