ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 12 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге асфальт жабындысы төселуде. Елдің талап тілегін ескерген жергілікті атқарушы орган өкілдері өткен жылы мектеп, балабақша, емхана орналасқан көшелерді орта жөндеуден өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдады.
Нәтижесінде биыл Бірлік елді мекеніндегі Жаңақұрылыс және Жангелдин көшелеріне асфальт төселді.
Айта кетейік, бүгінде Бірлік ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газға қосу бойынша сыртқы магистрал жүйесіне қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Елді мекендердің ішкі жүйелері толық табиғи газ жүйесімен қамтылған соң ішкі көшелер жоспар бойынша орта жөндеуден өткізіледі деп күтілуде.
Жалпы Бірлік ауылдық округі бойынша 28 көше болса, соңғы үш жылда 12 мың метр көшеге шағал тас, 1 200 метр көшеге асфальт төселді. Оған қоса биыл Бірлік елді мекенінде дәрігерлік амбулатория сал жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі