ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Маусым айынан бастап кезекті еңбекті 30-ға жуық жас бастады. Жалпы үш айға 90 жасты еңбекке тарту жоспарланған. Олар әр айда кезегімен жұмыс істейді. Қазіргі таңда 16-34 жас аралығындағы оқушы, студент және жұмыссыз жастар қаланы көгалдандыру жұмыстарына үлес қосуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі