ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БІР КҮНДЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында медициналық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Бүгін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Нұрлы таң және Шұғыла ауылдарында фельдшерлік-аккушерлік пункттер пайдалануға берілді. Бұл нысандар – жергілікті халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндіктер береді. Мұнда ауыл тұрғындары алғашқы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер және басқа да қажетті емдеу шараларын ала алады.
Нысандардың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен аудан әкімі Бақыт Асанов жаңа медициналық нысандардың маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарға денсаулық сақтау қызметінің жақсарып, ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артатынын айтты.
Айта кетейік, қос бірдей медициналық нысанның құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілді. «Нұрлы таң» ФАП-ының конкурстық құны 186 миллион теңге болса, «Шұғыла» ФАП-ының конкурстық құны 200 миллион теңгені құраған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі