ТҮРКІСТАН МЕРГЕНІ ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Шымкент қаласында жамбы атудан ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Сары құрлықтың 14 елінен келген 60 спортшы 4 (мажар, корей, түрік, жамбы) стилі бойынша бақ сынады.
Қазақстан құрамасы сапында 6 спортшы өнер көрсетті. Оның ішінде Түркістан облысынан 3 спортшы сынға түсіп, ел мерейін үстем етті. «Түрік» стилінде мергендік танытқан түркістандық Батыр Бексауытқа тең келер қарсылас болмады. Ол өзінің шеберлігін көрсетіп, алтын медаль иегері атанса, «Мажар» стилінде күміске қол созды. Ал Ералхан Айкөз «Мажар» стилінде қола жүлде иемденсе, «Корей» стилінде де қола медальді қанағат етті. Осылайша ат үстінде садақ атудан өткен байрақты додада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық 2-орынды иеленді.
Айта кетейік, Азия чемпионатында ел мерейін асқақтатқан спортшылардың бәрі Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі