ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ФРАНЦИЯ САХНАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Түркістан музыкалық драма театры репертуардағы қойылымдарымен бірнеше марапатқа ие болып жүргені белгілі. Соның ішінде Ермек Аманшаевтың ерекше жанрдағы «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы бар.
Аталаған қойылым наурыз айының басында өтетін Қазақстанның Франциядағы мәдениет күндері аясында Бельфор мемлекеттік театрында сахналанбақ. Қазіргі таңда театр ұжымы тарапынан дайындық жұмыстары жүруде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі