ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың өкімімен және ҚР Туризм және спорт министрлігінің келісімімен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Худияров Ғалымжан Батырханұлы тағайындалды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ұжымға жаңа басқарма басшысын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
📌– Мемлекет басшысы спорт саласын дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен өңірде спортты дамыту бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Алдағы уақытта жүйелі жұмыс жүргізіліп, жүктелген тапсырмаларды жедел әр сапалы орындау керек. Осы бағытта өзінің біліктілігі мен іскерлігін дәлелдеп, спорт саласының дамуына үлесін қосып, жемісті еңбек етеді деп сенім білдіремін, – деді Ертай Кенжебекұлы.
✔️Худияров Ғалымжан Батырханұлы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында 1983 жылы дүниеге келген. Ол 2000-2004 жылдары Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Дене тәрбиесінің мұғалімі және жаттықтырушысы» мамандығы бойынша білім алған. Педагогика және психология магистрі, 2010 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты болды.
✔️Еңбек жолын 2005-2006 жылдары Ә.Нұрмаханов атындағы ОБЖСМ самбо күресінен жаттықтырушысы болып бастаған. 2006-2012 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушысы, 2012-2014 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың «Спорт және өнер» факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары қызметтерін атқарған.
✔️2014-2019 жылдары Түркістан қалалық су спорты кешенінің меңгерушісі, 2019 жылы Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Орталық су-спорт кешені» МКҚК-нің директоры болды. 2021 жылдан бастап Түркістан қаласының VII-VIII шақырылым мәслихаттарының депутаты болса, 2025 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облыстық «Олимпиада резервін даярлау орталығының» директоры қызметін атқарып келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі