ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бекітілген кестеге сәйкес, кезекті рет жеке қабылдау өткізді. Өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, жауапты сала басшыларымен бірге шешу жолдарын қарастырды.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік салаға қатысты түйіткілдерді ортаға салды. Атап айтқанда, тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрақты жұмысқа орналасу бойынша өтініштерін айтты. Оларға АӘК тағайындау тәртібі мен заңдылықтары түсіндіріліп, жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетілетін болды.
«Жұмысты жанашырлықпен орындау керек» деген облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты. Әрбір көтерілген мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында жұмыстар жүргізіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі