ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘКІМДІКТЕРГЕ ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР САНЫ 34 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘКІМДІКТЕРГЕ ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР САНЫ 34 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙДІ
Бүгін Түркістан облысы әкімдігінде «Е-Өтініш» платформасында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің аспектілері мен перспективалары туралы оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинарына 230-дан аса аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар оқыту семинарына ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша Өтініштерді талдау және бақылау бөлімі, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты және «Бітімгер медиаторлар» қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды.
Облыс әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің тарапынан 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштердің қаралуына талдау жасап, бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы баяндады.
2024 жылдың 5 айына аудан, қала әкімдіктеріне
17 289 өтініш (2023 ж. 5 айы – 20 106) түссе, ал басқармаларға 5 074 өтініш түсіп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 289 өтінішке артық түсіп, 34 пайызға өскен.
Семинарда жеке және заңды тұлғалардың тарапынан түсетін өтініштерді қатаң бақылауға алып, алдағы уақытта кемшіліктер мен заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша тапсырма берілді. Сонымен қатар өтініштерді қарау барысында сапасы мен кодекс талаптарының сақталуына аса мән беру қажеттілігі атап өтілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі