ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

✔️Түркістан облысында білім саласын дамыту, білім мекемелерінің инфрақұрылымын жақсарту, мектеп құрлыстарын жүргізу бағытында жұмыстар жалғасады. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың қатысуымен өткен жиналыста осы саладағы мәселелер баяндалып, 2025 жылы атқарылатын жұмыстар сараланды.
✔️Облыс әкімінің орынбасары өткен жылы жүйелі жұмыс атқарылғанын айтып, биыл білім саласындағы өзекті меселелерді шешуді және жұмыс қарқынын күшейтуді ескертті.
📌– Мемлекет басшысы Жолдауында республика көлемінде 1300 мектепті жаңғыртудан өткізуді тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес, өңірде осы бағыттағы жұмыстарды іске асыруды тапсырамын. Биыл өңірдегі 41 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі 100 білім беру мекемесінің жылыту жүйесін қатты отыннан табиғи газға ауыстыру, облыстағы 105 мектептің ішкі әжетханаларын ретке келтіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жалғасуы тиіс. «Қауіпсіз мектеп» жобасының толық іске асырылуы қолға алынып, білім мекемелеріне цифрлық жүйелерді енгізу бойынша нақты ұсыныс беріліп, тиісті жұмыс атқарылуы тиіс. Бөлінген қаржыны дұрыс игеріп, тиісті жұмысты уақтылы атқару керек. Білім саласын дамыту – басты назарда. Осы салада креативті ұсыныстарға ашықпыз, – деген облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы жауапты басшыларына жүктелген міндеттерді сапалы орындауды жүктеді.
✔️Мәжілісте білім ұяларында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, балаларды жазғы сауықтыру лагерлерін жаңғырту, дабыл батырмаларын және бейнебақылау орнату, креативті іс-шаралар ұйымдастыру, оқу кабинеттерін жабдықтау, цифрлық жүйеге көшу, интернет желісімен қамтамасыз ету және өзге де мәселелер айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі