ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЛДА БАР ТЕХНИКАНЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ДАЙЫН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЛДА БАР ТЕХНИКАНЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ДАЙЫН
Түркістан облысында биыл 873,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарының егу жоспарлануда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының егістікті әртараптандыру, өнімділікті арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес масақты дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7,8 мың гектарға артып, 281,2 мың гектарға, малазықтық дақылдар 4,2 мың гектарға артып, 227,9 мың гектарға, көкөніс, картоп, бақша дақылдары 2,6 мың гектарға артып, 129,0 мың гектарға егілмек.
Мақта дақылы өткен жылмен салыстырғанда 6,4 мың гектарға қысқартылып, 105 мың гектарға, майлы дақылдар 6,4 мың гектарға қысқартылып, 75,5 мың гектарға орналастырылады. Возможно, это изображение комбайн
Бүгінде өңірде ерте пісетін қырыққабат дақылы 0,5 мың гектарға егілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар техникалардың 95% дайын. Жер айдау жұмыстары 79 пайызға, сор шаю жұмыстары 56 пайызға орындалды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 21,8 мың тонна жанармай бөлінді. Босату жұмыстары басталуда. Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Егіске қажетті 7,8 мың тонна масақты дақыл, 1,5 мың тонна мақсары, 3,4 мың тонна мақта, 0,5 мың тонна жоңышқа және 0,9 мың тонна жүгері тұқымдары бар. Ал картоп тұқымдары коммерциялық ұйымдардан алынуда.Возможно, это изображение 1 человек, яблоко, груша и текст
Облыста 500 түрлі минералды тыңайтқыш құнының 50%-ын субсидиялауға 7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 82,3 мың тонна минералды тыңайтқыш субсидияланады. Минералды тыңайтқыштар тапшылығын болдырмау үшін, отандық тыңайтқыш өндіруші «ҚазАзот» АҚ-мен меморандум рәсімделуде. Бүгінгі күнге облыс аумағындағы қоймада 25,0 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 13,4 млрд. теңге қаржы бөлу жоспарлануда. Оның ішінде «Кең дала» бағдарламасымен 10,0 млрд. теңге, тікелей зауыттарға 2,5 млрд. теңге және несие серіктестіктері арқылы 868,0 млн. теңге бөлінеді.
Нәтижесінде 68,0 мың гектар алқаптағы дала жұмыстары қаржыландырылады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,2 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі