ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ КӨТЕРДІ

✔️Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты түрде жүргізілуде. Бағдарлама аясында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ұйымдастыруымен экологиялық іс-шара өтті. Атап айтқанда, Бәйдібек, Отырар, Созақ, Шардара және Қазығұрт аудандары мен Түркістан қаласындағы барлығы 23 жалпы орта мектепте ұйымдастырылды. Аталған шараға мектеп мұғалімдері, туризм бөлімінің мамандары, орман молайту инженерлері және 600-ден аса оқушы қатысты.
✔️Орман шаруашылығы жұмыстарын таныстыру мақсатында өткен шарада оқушылар 3410 контейнерге жай арша мен боз арша тұқымдарын отырғызды. Мамандардың айтуынша, әр орман шаруашылығы мекемесімен кемінде 3 мектепте контейнерлерге 200 түп тұқым себу арқылы көшет өсіру ұсынысы берілген. Бұл іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларын қоршаған ортаны ластамауға, табиғатты аялап, қорғауға үгіттеу.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі