ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС БОКСШЫЛАРЫ БІР АПТАДА 6 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Байрақты додада өңір мерейін асқақтатқан жастар – Түркістан облысының №5 олимпиада резервінің мамандандырылғын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Аталған спорт мектебінен 3 спортшы қатысып, 2-еуі алтын жүлдемен оралды. Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде Төрехан Сабырхан «Ең үздік боксшы» сыйлығына да ие болды.
Тараз қаласында бокстан жасөспірімдер арасында ҚР аймақтық чемпионаты өтті. Түркістан облысының №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 9 спортшы қатысып, 4 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды. 35 келіде Аян Жандосұлы топ жарса, 37 келіде Аңсар Үсенхан, 40 келіде Жұмағали Нұрмахан, +70 келіде Жәдігер Мүсірәлі чемпион атанды. Қуаныш Халимбет пен Әділет Ералы күміс жүлдегер атанса, Ескендір Молдаш қола медальға ие болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі