ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЫЛЫЖАЙЛАРЫНАН БІР ЖЫЛДА 140 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЫЛЫЖАЙЛАРЫНАН БІР ЖЫЛДА 140 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ
Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамытудан және жылыжайлар көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Облыста 1640 гектарды құрайтын 3366 жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары – өнеркәсіптік жылыжайлар. Онда 12 мыңнан астам адам еңбек етеді.Возможно, это изображение фрукт
2023 жыл қорытындысымен өңірдегі жылыжай шаруашылықтарынан 140,0 мың тонна өнім жиналды. Бұл маусымаралық кезеңде (қазан-наурыз) республика халқы қажеттілігінің 42 пайызын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда, жылыжайларда 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда.Возможно, это изображение фрукт
Жылыжай шаруашылықтарын қолдау, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатына облыс әкімдігінің ұсынысымен Үкімет тарапынан өткен жылы кешенді шаралар қабылданды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжайларды жеңілдетілген көмірмен қамту ісі қолға алынды. Возможно, это изображение клубника
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тарапынан 2023 жылдың 1 мамырында «Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты» бекітілді. Бүгінде 801 фермерлік жылыжай сертификатталды. Жылыжай шаруашылықтарын жылыту маусымында субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді. Бағдарлама арқылы өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда пайдаланылған электр энергиясы, көмір және газ шығындарының 20 пайызы субсидияланады. Фермерлік жылыжайлардың гектарына 4,8 млн. теңге, өндірістік жылыжайларға 8,1 млн. теңге бөлінеді.
Осы мақсатта 2023 жылы облыстық бюджеттен 565 млн. теңге қаржы төленді. 2024 жылға 1,4 млрд. теңге қаралып отыр. Аймақта жылыжайларды дамыту бағытында жұмыстар жалғасады.Возможно, это изображение 2 человека
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі