ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 84 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты баспанамен қамту бағытында Түркістан облысында жүйелі шаралар қабылдануда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауымен өңірде мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
✔️Бүгін Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген Самал мөлтекауданынан 3 қабатты тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылды. Кезекте тұрған 84 отбасына пәтер кілттері табысталып, қоныстойы тойланды.
✔️Іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарға жылы лебізін жеткізіп, пәтер кілттерін табыс етті.
📌– Қасиетті Рамазан айында игілікті жаңалықтар болып жатыр. Мемлекет басшысы тапсырмасымен, облыс басшылығының қолдауымен бүгін өздеріңізге баспана беріп, қуаныш сыйлаудың сәті түсіп отыр. Қоныс құтты болсын! – деді аудан әкімі.
✔️Салтанатты шараға облыстық мәслихаттың депутаттары Ғани Райымбеков, Дулат Әбіш, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостан Бөпешбайұлы қатысып, құттықтауларын жеткізді.
✔️«Бүгін біз үшін аса қуанышты күн. Жылдар бойғы арманымыз орындалып, өз баспанамазға қол жеткіздік. Үй кезегінде тұрған барлық азаматтарға осындай қуаныш тілейміз», деген жаңа пәтер иелері алғыстарын білдірді.
✔️Осы күні тұрғындар тұрғын үйдің ауласында көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаштар отырғызды.
✔️Жалпы Ордабасы ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 2803 азамат тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі