ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңа жылыжай іске қосылды. «Zaure group» ЖШС-нің жылыжайы Ақсу ауылындағы 6 гектар жерге орналасқан.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған кешенге арнайы барып, жұмысымен танысты. Ауыл шаруашылығын дамыту, осындай жаңа жобаларды көбейту маңызды екеніне тоқталды. Жауапты басқарма мен аудан әкімі басшылығына жаңа жылыжайлар ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Жылыжайда жылына 3500 тонна көкөніс өндіріледі. 55 адам жұмыспен қамтылған. Инфрақұрылым, су, электр мәселесі шешілген.
Túrkistan oblysynyń ákimdigi