ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «КӨШЕТ ЕГУ КҮНІ» АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Көшет егу күні» тақырыбында жалпыаудандық сенбілік өтті. Көгалдандыру шарасына аудан әкімі Арман Сәбитов, ардагерлер, аудандық мәслихаттың төрағасы және «Аманат» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы, ауданға қарасты мемлекеттік және бюджеттік мекеме басшылары мен мамандары, білім беру ұйымдары белсенді түрде қатысты.
Абаттандыру шарасы аясында аудан әкімі тиісті сала басшыларына жасыл желекті суғару жүйесінің тұрақты жұмыс жасап тұруын қадағалауды тапсырды.
Бұдан бөлек, «Көшет егу күнінде» білім саласы қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды қураған ағаш бұталары мен жапырақтардан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында аудан әкімі Абылайхан даңғылының жағдайымен танысып, инфрақұрылымдық сапасын бақылады.
Қоршаған ортаны көгалдандырумен қатар, ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға да зор үлес қосатын бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі