ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТҰРҒЫНДАРДЫ КӨПТЕН БЕРІ АЛАҢДАТҚАН МАҢЫЗДЫ ЖОЛ АСФАЛЬТТАЛДЫ
Сарыағаш ауданында қала тұрғындарының өтінішімен республикалық маңыздылығы жоғары А-15 автомобиль жолынан Темір жол станциясына баратын Майлықожа көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құрылыс нысанына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Отаршиев жұмыстың сапалы әрі өз мерзімінде орындалуы керектігін тапсырды.
«Сарыағаш қаласының тұрғындарымен кездесуімде қала тұрғындары Майлықожа көшесін асфальттауды сұрап, өтініштерін жолдаған болатын. Әлеуметтік желілерде де сыни пікірлер жиі жарияланып, өзекті мәселеге айналған еді. Бүгінде тұрғындар өтініші өз шешімін тауып, жоспарға сәйкес Майлықожа көшесінде асфальт төсеу жұмыстары басталды. Осыған орай, жол жөндеу жұмыстарына арнайы барып, асфальт жамылғысын төселу жұмыстарының барысымен таныстым. Алдағы уақытта да, тұрғындардың өтініштерін басты назарда ұстай отырып, қала аумағында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасады», — деді аудан әкімі.
Бүгінде Майлықожа көшесіндегі асфальт жамылғысының екінші қабатын төсеу жұмыстары басталып кетті. Аталған көшеге асфальт жамылғысы «СБМ и Компания» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.
Айта кетсек, биыл Сарыағаш қаласында 42 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі